Polaris PMC 0527 D Manuale Utente

Pagina di 123
80 
 
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар 
 
 
 
Құрал тек қана тұрмыста пайдалануға арналған.  
 
Құралды   тек  мақсаты бойынша ғана пайдалану керек.   
 
Аталмыш  құрал,  құралды  қолдануға  қатысты  қауіпсіздіктері  үшін  жауап  беретін  тұлғаның 
нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, білімі 
мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар 
тұлғалардың  (балаларды  қоса  алғанда)  қолдануына  арналмаған.      Балалардың  құралмен 
ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.    
 
Құралды пайдалануды бастамас бұрын пайдалану бойынша нұсқаулықпен мұқият танысыңыз. 
 
Әр кезде  құралды қоспас бұрын  оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның ақауы 
болса,  құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.   
 
Құрал мен желілік сым ыстық ауаның тікелей күн көзіне және ылғалға ұшырамайтындай етіп, 
сақталуы керек
 
Назар  аударыңыз!  Құралды  ванна,  шұңғылша  немесе  сумен  толтырылған  басқа 
ыдыстардың  қасында  пайдалануға болмайды. 
 
Құралды  суға  немесе  басқа  сұйықтыққа  салуға    мүлдем  болмайды.    Ылғал  қолмен  құралды 
ұстауға болмайды.  Құрал дымқылданса, бірден желіден ажыратыңыз.   
 
Құрал  суға  түсіп  кеткен  жағдайда,  оны  бірден  желіден  ажыратыңыз.    Және  бұл  кезде  қолды 
суға  малуға  болмайды.  Құралды  екінші  мәрте    пайдаланудың  алдында  оны  білікті  маман 
тексеріп шығуы керек.  
 
Құралды  тек  қана  ауыспалы  тоқ  көзіне  ғана  қосыңыз  (~).  Қоспас  бұрын,  құралдың  желіде 
қолданылатын кернеуге арналғанына  көз жеткізіңіз.  
 
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету  құқығынан 
айырады. 
 
Құралды  тек қана жерге тұйықталған желіге ғана қосыңыз. Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз 
ету  үшін    жерге  тұйықтай    бекітілген  электр  техникалық    нормаларға  сәйкес  келуі  тиіс. 
Қоректендірудің  стандартты  емес  көздерін  немесе  қосу  құрылғыларын    пайдалануға 
болмайды. 
 
Құралды  бөлмежайдан  тысқары  жерде  пайдаланбаңыз.  Құралды    сүйiр  бұрыштарға 
соғылуынан сақтаңыз.  Пайдаланып болғаннан кейін, тазартқанда немесе құрал  сынып қалса  
әрдайым  желіден ажыратыңыз. 
 
Құралды  желілік сымнан ұстап тасымалдау  және желілік сымнан ұстап  желіден ажыратуға 
тиым салынады. Құралды  желіден ажыратқанда штепсельді  ашадан ұстаңыз. 
 
Жинағына  кірмейтін  қосымша  аксессуарларды  пайдалану  Сізді  кепілдік  қызмет  көрсету 
құқығынан  айырады.  
 
Құралды  пайдаланып  болғаннан  кейін,    электрмен  қоректендіру  сымын  құралды  айналдыра 
орауға болмайды, себебі,  уақыт өте келе бұл сымның  үзілуіне әкеп соғуы мүмкін.  Қашанда 
сақтау үшін сымды  жақсылап тарқатыңыз. 
 
Құралды  өз  бетіңізбен  жөндеуге  болмайды.  Жөндеуді  қызмет  көрсету  орталығының    білікті 
мамандары ғана жүзеге асыруы керек.  
 
Құралды  жөндеу үшін тек қана түпнұсқа, қосалқы  бөлшектер  пайдаланылады.