Polaris PMC 0529 ADS Manuale Utente

Pagina di 148
130 
 
индикаторы, таймер, ЖЫЛЫТУ режиміне өту индикаторы жанып тұрады. 
 
Сәйкес әзірлеу кезеңінің  индикаторы дисплей бетінде жыпылықтайды.  
10.  Бағдарламаның аяқталуы 
 
Мультипісіргіш жұмыс уақыты аяқталғысымен дыбыстық сигнал шығарады.  
 
Құрылғы автоматты түрде  ЖЫЛЫТУ режиміне өтеді, егер бұл режим алдын-ала сөндірілген болмаса 
(4.3. тармағын қараңыз). 
 
ЖЫЛЫТУ  режимі  қосылып  тұрған  кезде  дисплейдің  бетінде  жұмыс  индикаторы  жанып  тұрады, 
сонымен  қатар  тағамның  қаншама  уақыт  бойы  жылып  жатқандығын  көрсететін  уақыттың  тікелей 
есебі көрініс табады. 
11.  Құралды сөндіріңіз 
 
«Йогурт» бағдарламасы 
«Йогурт»  бағдарламасында  бифидобактериялардың  өсуіне  қажетті  және  ашытқы  мен  сүттен  тамаша  йогурт  әзірлеу  үшін  тұрақты  түрдегі  температура  (+38  - 
+40°С) сақталады.  
Бұл бағдарламада әзірлеу кезінде  қақпақты жабық күйінде қалдыруға кеңес беріледі.  
Бұл бағдарлама үшін кейінге қалдырылған старт функциясы қол жетімді (4.2. тармағын қараңыз). 
1.  Батырманы  басу  арқылы  құралдың  қақпағын 
ашыңыз 
 
 
Әзірлеуді бастаудан бұрын құралдың ішкі және сыртқы бөліктерінің орамадан босағанына және лас 
еместігіне көз жеткізіңіз.  
 
Ішкі  тостақ  пен  қызыдыру  қабатының  арасында  сүйықтық  төгіліп  қалмағанына  немесе  ешқандай 
бөгде заттардың жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. 
2.  Йогурт  әзірлеу  үшін  қажетті  қоспалардың  
барлығын  рецептураға  сәйкесінше,  стақанға 
салыңыз  (құралдың  жиынтығына  кіреді),  содан 
кейін оларды құралдың тостағына орнатыңыз 
 
Тостаққа салынатын өнімдердің арасалмағын (ұсыңылған мөлшерлігін) сақтаңыз. 
3.  Тостақты мультипісіргішке орнатыңыз 
 
Әрдайым  тостақтың  өз  орнына  қисаймай  орнықты  тұрғандығына  және  дұрыс  орнатылғандығына 
көз жеткізіңіз. 
4.  Құралдың қақпағын жабыңыз 
Назар аударыңыз! 
Егер  құралдың  қақпағы  дұрыс  орнатылмаса,  шыққан  нәтиже  күтілетін  талапқа  сәйкес  болмауы 
мүмкін. 
5.  Құралды іске қосыңыз 
 
Дисплейдің көмескі жарығы жаңады да, жұмыс индикаторы жыпылықтай бастайды. 
 
Құрал күту режимінде болады. 
6.  “МӘЗІР”  батырмасына  кезек-кезегімен  басу 
арқылы «Йогурт» бағдарламасын таңдаңыз 
 
Дисплейдің бетінде «Йогурт» жазбасы жанады. 
 
Жыпылықтап тұрған таймердің бетінде уақыттың мәні көрсетіледі, осы бағдарлама үшін белгіленген 
уақыт режимі бойынша тағамды әзірлеу уақыты – 8 сағат. 
 
ЖЫЛЫТУ режимнің индикаторы жанбайды.  
7.  Тағамның 
рецептурасына 
сәйкес 
әзірлеу 
уақытысын орнатыңыз 
 
Әзірлеудің  уақыт  диапазоны  тағамның  рецептурасына  сәйкес  4  сағаттан  бастап  12  сағатқа  дейін 
өзгеруі мүмкін. 
 
  САҒАТ”  батырмасына  кезек-кезегімен  басу  арқылы  әзірлеу  уақытының  мәнін  1  сағат 
қадамымен сағатты орнатыңыз.