Polaris PMC 0529 ADS Manuale Utente

Pagina di 148
97 
 
1. 
ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ  
 
Бұл құрал осы Нұсқаулыққа сәйкес тұрғын ғимаратында қалыпты болып саналатын ылғалдық пен температурада тек тұрмыста ғана пайдалануға арналған: 
 
қоғамдық тамақтану орындарында, дүкендерде, кеңселерде және басқа да жұмыс орындарында; 
 
фермерлік шаруашылықта; 
 
тұруға арналған қонақ үйлер, отельдер және басқа да орындарда; 
 
түнеуге және таңғы асты ішуге арналған орындарда местах. 
 
Құралды өнеркәсіптік және коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады.  
 
Өндіруші осы нұсқауда қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде туындаған  залал үшін жауапты емес. 
 
2. 
ҚҰРАЛДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
 
Сүрлеу функциясы бар PMC 0529 AD мультипісіргіші  – бұл тағамды әзірлеуге арналған жаңа буынды қазіргі көп функционалды құрал. Плита, духовка шкаф, буда 
пісіру  құралы,  нан  пісіру  құралы,  ыстайтын  жай,  йогурт  әзірлеуші  құрылғының  функцияларын  өзіне  біріктіретін  мультипісіргіш  ас  үйдегі  орынды  үнемдеуге 
көмектеседі.    Мультипісіргіштің  көмегімен  сүйікті  тағамды  оңай  әрі  лезде  түрде  әзірлеуге  болады.  Автоматты  24  бағдарлама  әзірлеу  тәсілдерінің  кең  таңдауын 
ұсынады: мультипісіргіш  буда  пісіру мен қуыру, бұқтыру мен қыздырып пісіру, дәмдеп бұқтыру (жұмсарту)  мен пісірмелер әзірлеу, көже, жармадан әзірленген 
тағамдар, макарон өнімдерін, палау мен пицца, сондай-ақ сусындарды дайындауға арналған арнайы режимдеріне ие. 
«Мультиаспаз  PLUS»  функциясы  арнайы  өнерпаз  адамдарға  арналған.  Өздігінен  температуралық  көрсеткішті  орнатып,  әзірлеу  уақытын  белгілеу  мүмкіндігінің 
арқасында бұл функция өте жеңіл тағамнан күрделі аспаздық шешімдерді талап ететін түрлі тағамдарды әзірлеу үшін шексіз мүмкіндіктерді сыйлайды. 
Сіз кейінге қалдырылған старт және автожылыту, яғни тағамды автоматты түрде жылыту функцияларының артықшылықтарын  жылдам түрде бағалайтын боласыз, 
бұл функциялар белгілі бір уақытқа қарай тағамды әзірлеп, әзірлеу үдерісі аяқталғаннан кейін оны жылы қалпында сақтап, ұстауға мүмкіндік береді.  
 
2.1. Құралдың құрылғысы  
 
Аксессуарлар
 
 
 
 
 
Жалпақ қасық
 
Көжеге арналған 
ас қасық
 
Өлшеуіш стақан
 
Йогуртке арналған 
стақандар
 
 
 
 
сүрлеуге арналған 
қондырма 
 
сүрлеуге арналған қақпақ
 
сүрлеуге арналған 
жинамалы тор