Scarlett SC-FD 421001 зеленый Manuale Utente

Pagina di 25
IM013 
 
SC-FD421001 
22 
• 
Аспап сыртқы таймермен немесе қашықтан басқаратын бөлек жүйемен іске қосылуға арналмаған. 
• 
Құрылғыны  өз  бетіңізше  жөндеуге  талпынбаңыз.  Олқылықтар  пайда  болса  жақын  арадағы  сервис 
орталығына апарыңыз. 
• 
Егер бұйым біршама  уақыт 0ºC-тан  төмен температурада тұрса,  іске  қосар алдында оны кем  дегенде 2 
сағат бөлме температурасында ұстау керек. 
• 
Өндіруші  бұйымның  қауіпсіздігіне,  жұмыс  өнімділігі  мен  жұмыс  мүмкіндіктеріне  түбегейлі  әсер  етпейтін 
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады. 
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ 
• 
Бұйымды қораптан алыңыз. 
• 
Бірінші рет іске қосардан бұрын барлық сауыттары мен алмалы бөліктерін жылы суға сабындап жуыңыз 
да, жақсылап шайып, құрғатып сүртіңіз. 
• 
Тұғырдың ішін дымқыл шүберекпен сүртіңіз. 
ЖҰМЫСЫ 
• 
Кептіргішті орнықты көлбеу беткі қабатқа орнатыңыз. 
• 
Алдын ала дайындалған азық-түлікті алмалы бөліктерге салып. 
• 
Бөліктердің арасында ауаның еркін айналуына мүмкіндік беретіндей етіп орналастыру керек. Әр бөлікке 
азық-түлікті шамадан тыс салмаңыз. Науаға салынатын ең үлкен салмақ – 0,8 кг.
 
• 
Алмалы бөліктерді тұғырға орнатыңыз. 
• 
Аспаптың қақпағын жабыңыз. Қақпақ аспаптың бүкіл жұмысы барысында жабулы тұруға тиіс.
 
• 
Аспапты электр желісіне жалғаңыз. Іске қрсу түймешігін «I» қалпына қойыңыз. Жарық индикаторы жанады.
 
• 
Қажетті температураны реттегіш тетіктің көмегімен орнатыңыз. 
ҰСЫНЫЛАТЫН ТЕМПЕРАТУРАЛЫҚ РЕЖИМДЕР: 
• 
Шөптер: 35-40
о
С
 
• 
Нан: 40-50
о
С
 
• 
Көкөніс: 50-55
о
С
 
• 
Жеміс-жидек: 55-60
о
С
 
• 
Саңырауқұлақ: 50-55
 
о
С
 
• 
Ет, Балық: 65-70
о
С
 
АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ КЕПТІРУ ҮШІН ҰСЫНЫЛАТЫН УАҚЫТ: 
ЕСКЕРТУ: Кептіру уақытының ұзақтығы қандай нәтиже керек екеніне байланысты болады.
 
Азық-түлік
 
Дайындау
 
Кептіру  уақыты 
(сағат)
 
Жеміс-жидек (кептірер алдында дайындалған жеміс-жидекті су араластырылған тиісті 
шырынға 2 сағат жібітіп қоюды ұсынамыз: 2 стакан суға ¼ стакан шырын) 
 
Сары өрік
 
Сүйегін алып, жұқалап турау керек
 
13-28 
Ананас 
(жаңа 
піскен)
 
Қабығын аршып, кесектеп турау керек
 
6-36 
Банан
 
Қабығын аршып, дөңгелектеп турау керек
 
8-38 
Жүзім
 
Турауға болмайды
 
8-26 
Шие
 
Сүйегін алу міндетті емес
 
6-36 
Алмұрт
 
Қабығын аршып, жұқалап турау керек
 
8-30 
Мүкжидек
 
Турауға болмайды
 
6-26 
Шабдалы
 
Жеміс  жартылай  кепкен  кезде,  ортасынан 
бөліп, сүйегін алу керек
 
6-26 
Алма
 
Қабығын  аршып,  өзегін  алып,  дөңгелектеп 
немесе жартылай дөңгелектеп турау керек
 
4-15 
Көкөніс
 
Саңырауқұлақ
 
Жұқалап  турау  керек  (шағын  саңырауқұлақты 
тұтастай кептіруге болады)
 
6-14 
Сәбіз
 
әбден жұмсарғанша пісіру керек. Үгітіңіз немесе 
дөңгелектеп тураңыз.
 
8-14 
Болгар бұрышы
 
Өзегін  алып,  ұзынынан  немесе  дөңгелектеп 
турау кереу
 
4-14 
Сарымсақ
 
Тазалап, дөңгелектеп турау керек
 
6-16 
 
• 
Кептіргіштің жұмысы біткеннен кейін қосқыш түймешікті «O»  қалпына қою арқылы оны тоқтан 
ажыратыңыз. 
 
• 
Азық-түлік кепкенше күтіңіз де, содан кейін қорабына салып қойыңыз. 
• 
Аспапты желіден ажыратыңыз. 
• 
ЕСКЕРТУ: аспаптың жұмысының барысында тіпті 5 алмалы бөліктің кейбіреуі бос қалса да, олардың бәрін 
орнатуға кеңес береміз. 
ЙОГУРТ ДАЙЫНДАУ 
• 
Кептіруге арналған жинаққа йогурт дайындауға арналған 9 құты кіреді. 
• 
Бірінші рет пайдаланардан бұрын барлық құтыларды жылы суға сабындап жуыңыз да, құрғатып сүртіңіз. 
• 
Йогуртты барлық барлық құтыларда дайындау үшін сізге 1 литр сүт пен 1 грамм ұйытқы керек болады.