Brother MFC-J5830DW(XL) Istruzioni Sulla Sicurezza Importanti

Pagina di 21
4
 
 
Өнімді химиялық заттардың жанына немесе үстіне химиялық заттар төгілуі мүмкін жерге 
ҚОЙМАҢЫЗ. 
Химиялық заттар өнімге тисе, бұл өрт немесе электрлік ток соғу қаупін тудыруы мүмкін. 
Нақты айтқанда, органикалық ерітінділер немесе бензин, бояу еріткіші, лак өшіргіші 
сияқты сұйықтықтар не дезодорант пластик жабынды жəне/немесе кабельдерді ерітіп 
немесе бұзып, өрт не электрлік ток соғу қаупін тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, осы не басқа 
химиялық заттар өнімді бұзуы, оның түсін кетіруі мүмкін.
 
АБАЙЛАҢЫЗ
 
Өнімді үстел сияқты діріл жəне соққы болмайтын тегіс, тұрақты бетке қойыңыз. Өнімді 
телефон розеткасының жəне жерге тұйықталған кəдімгі электр розеткасының жанына 
қойыңыз.
 
 
Өнім үстіне ауыр заттарды ҚОЙМАҢЫЗ. Өнімді əсіресе оның жанында балалар болып 
қалады деп ойласаңыз, оны тұрақсыз арбаның, бағананың не үстелдің үстіне 
ҚОЙМАҢЫЗ. Өнім ауыр болғандықтан, құлап кетуі мүмкін, ал бұл сіздің не өзгелердің 
жарақаттануына жəне өнімнің елеулі зақымдауына əкелуі мүмкін. Сканерлеу функциясы 
бар өнімдерге қатысты сканер əйнегі сынған жағдайда қосымша жарақат алу қаупі бар.
 
 
Өнімді көп адам болатын жерге қоймаңыз. Егер оны адам көп болатын жерге қою қажет 
болса, оның нəтижесі сіздің не өзгелердің жарақаттауына жəне өнімді елеулі 
зақымдауына себеп болмайтындай əрі кездейсоқ құлап кете алмайтындай қауіпсіз 
орында тұрғанын тексеріңіз.
 
МАҢЫЗДЫ
• Өнімнің үстіне заттарды қоюға БОЛМАЙДЫ. Олай істемеген жағдайда, қызып кету қаупі 
күшейіп, өнім бұзылуы мүмкін.
• Өнімнің алдына оның факс қабылдауына не беттерді басып шығаруына кедергі 
келтіретіндей ештеңе ҚОЙМАҢЫЗ. Қабылданатын факстердің немесе басылып 
шығатын беттердің жолына ештеңе ҚОЙМАҢЫЗ.
• Өнімді динамиктер немесе Brother компаниясының өнімі болып табылмайтын сымсыз 
телефондар сияқты кедергі көздерінің жанына ҚОЙМАҢЫЗ. Олай істеу өнімнің 
электрондық бөліктерінің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
• Өнімді еңкейтілген/майысқан бетке ҚОЙМАҢЫЗ. Сия картридждері орнатылғаннан кейін 
өнімді ТӨҢКЕРМЕҢІЗ. Бұл əрекет сияның ағып кетуіне жəне өнімнің ішкі бөліктерінің 
зақымдалуына əкелуі мүмкін.