Brother MFC-J6530DW Istruzioni Sulla Sicurezza Importanti

Pagina di 21
5
Жалпы сақтық шаралары
1
ЕСКЕРТУ
 
Полиэтилен пакеттері өнімнің орамында пайдаланылған. Полиэтилен пакеттері 
ойыншықтар емес. Тұншығу қаупін болдырмау үшін бұл пакеттерді нəрестелер мен 
балалардан алыс ұстаңыз жəне тиісті түрде кəдеге жаратыңыз.
 
 
Өнімді кез келген медициналық электр жабдықтың жанында ҚОЛДАНБАҢЫЗ. Өнім 
шығаратын радио сəулелер медициналық электр жабдығын зақымдап, нəтижесінде 
өнімді медициналық апатқа əкеп соқтыратындай етіп бұзуы мүмкін.
 
 
Кардиостимуляторы бар пайдаланушылар үшін:
Бұл өнім əлсіз магнит өрісін туғызады. Егер өнімнің жанында кардиостимуляторды пайдалану 
кезінде қалыптан тыс белгілер байқалса, өнімнен жанынан кетіп, дереу дəрігерге көрініңіз.
 
 
 
 
 
Өнімнің ішін немесе сыртын тазалау үшін жанғыш заттарды, кез келген бүріккіштерді 
немесе құрамында алкоголь немесе мұсатыр бар органикалық еріткішті/сұйықтықты 
ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ. Олай істеу өрт не ток соғу қаупін тудыруы мүмкін. Оның орнына тек 
құрғақ əрі талшықсыз шүберекті пайдаланыңыз. Өнімді тазалау əдісі туралы нұсқауларды 
алу үшін Online User’s Guide (Интернеттегі пайдаланушы нұсқаулығы) бөлімін қараңыз.
 
АБАЙЛАҢЫЗ
 
Беттер өнімнен басылып шықпай тұрып, оларды шығарып алмаңыз. Себебі 
саусақтарыңыз роликте қалып қойып, жарақат алуыңыз мүмкін.
 
 
Қолыңызды немесе қандай да бір басқа затты сия салу ұяшығына САЛМАҢЫЗ. Олай 
істеген жағдайда жарақат алуыңыз мүмкін.
 
 
Егер науа A3, Legal, Ledger немесе Folio өлшеміндегі қағаз сияқты үлкен қағазды алу үшін 
кеңейтілген болса, өнімді науасы үстел немесе тақта шетіне шықпайтындай етіп 
орналастырыңыз. Егер науаны біреу итеріп жіберсе, өнім құлап, жарақатқа əкелуі мүмкін.