Brother PT-P700 Guida Utente

Pagina di 4
Өрт шығу қаупіне, күйікке, ток соғуға, бұзуға, қатты қызуға, 
жағымсыз иістерге немесе түтінге жол бермеу үшін мына 
нұсқауларды орындаңыз.
• Зақым келтірмеу немесе ақаулыққа жол бермеу үшін P-touch құрылғысына 
əрдайым көрсетілген кернеуді жəне жинақпен берілген АТ адаптерін (AD-E001) 
пайдаланыңыз.
• Найзағай кезінде P-touch құрылғысына тиіспеңіз.
• P-touch/АТ адаптерін жуынатан бөлмелер сияқты ылғалдылығы жоғары жерлерде 
пайдаланбаңыз.
• Электр сымына көп күш түсірмеңіз.
• P-touch құрылғысына, қуат сымына немесе штепселіне ауыр зат қоймаңыз немесе 
оны зақымдап алмаңыз. Электр сымын күштеп майыстырмаңыз не тартпаңыз. 
Розеткадан ажыратқан кезде əрдайым АТ адаптерін ұстап тұрыңыз.
• Штепсельдің розеткаға толық салынғанын тексеріңіз. Дұрыс бекітілмеген 
розетканы қолданбаңыз.
• P-touch/АТ адаптерін/электр штепселін/батареяларды, мысалы, су қолмен ұстап 
немесе оларға сусын төгіп ылғалдамаңыз.
• P-touch құрылғысын/АТ адаптерін/батареяларды бөлшектемеңіз немесе өзгерпеңіз.
• Батареяның оң жəне теріс зарядты жақтарына металл зат тигізбеңіз.
• Батареяларды ауыстыру үшін қысқыш немесе металл қалам сияқты үшкір заттар 
пайдаланбаңыз.
• Батареяларды отқа тастамаңыз немесе қызу көзіне жақындатпаңыз.
• P-touch құрылғысын пайдаланғанда немесе сақтағанда жағымсыз иіс, қызу, түсінің, 
пішінінің өзгеруін немесе басқа да əдеттен тыс жағдайды байқасаңыз, АТ адаптерін 
ажыратып, батареяларды бірден алып, оны пайдалануды тоқтатыңыз.
• Сұйықтық қолыңызға тиюі мүмкін болғандықтан, зақымдалған немесе сұйықтығы 
аққан батареяны пайдаланбаңыз.
• Пішіні өзгерген, сұйықтығы аққан батареяны немесе жапсырмасы бүлінгенін 
пайдаланбаңыз. Бұл P-touch құрылғысын зақымдауы ықтимал.
• Батареялардан аққан сұйықтық көзге тигеннен көрмей қалуыңыз мүмкін 
болатындықтан, көзіңізді таза сумен молынан дереу шайып, дəрігерге қаралыңыз.
Адам жарақатына, сұйықтықтың ағуына, күйікке немесе қызуға жол 
бермеу үшін келесі нұсқауларды орындаңыз.
• P-touch пайдаланылмайтын кезде, оны балалардың қолы жетпейтін жерге сақтаңыз. 
Бұған қоса, балаларға P-touch құрылғысының бөлшектерін немесе жапсырмаларын 
ауыздарына салғызбаңыз. Егер қандай да бір затын жұтып қойса, дəрігерге 
қаралыңыз.
• Басып шығарғаннан кейін баспа бастиегінің айналасындағы металл бөлшектерді 
ұстамаңыз.
• Кескіш пышағына тиіспеңіз. («Бөлшектер сипаттамасы» бөлімін қараңыз.)
• Егер батареялардан аққан сұйықтық теріге немесе киімге тисе, оларды дереу таза 
сумен жуып, шайыңыз.
• P-touch құрылғысын пайдаланғыңыз келмесе, батареяларын алып, АТ адаптерін 
ажыратыңыз.
• Көрсетілгеннен басқа батареяны пайдаланбаңыз. Ескі жəне жаңа батареяларды 
бірге немесе əр түрлілерін, зарядтау деңгейлері əр түрлі, өндірушілері əр түрлі 
немесе модельдері əр түрлі батареяларды бірге пайдаланбаңыз. Батареяның 
оң жəне теріс зарядты жақтарын керісінше салмаңыз.
• P-touch құрылғысын/АТ адаптерін түсіріп алмаңыз немесе соққы тигізбеңіз.
• Кассета қақпағын жапқанда, саусағыңызды P-touch құрылғысының ішінде 
қалдырмаңыз.
• Ni-MH зарядталатын батареяларын пайдаланардан бұрын, батареялардың, 
зарядтағыштың нұсқауларын мұқият оқып шығып, оларды дұрыс пайдаланыңыз.
• Ni-MH зарядталатын батареяларын пайдаланғанда, батареяларды пайдаланардың 
алдында оларды арнайы зарядтағышпен зарядтаңыз.
• Орынға, материалға жəне орта жағдайларына байланысты, жапсырма жабысып 
немесе алынбай қалуы мүмкін, жапсырманың түсі өзгеруі немесе басқа заттарға 
берілуі мүмкін. Жапсырманы қолданардан бұрын орта жағдайлары мен материалды 
тексеріңіз.
• P-touch құрылғысын басқаша немесе бұл нұсқаулықта сипатталмаған мақсатқа 
пайдаланбаңыз. Бұл шартты орындамау салдарынан апат тудыруы немесе 
P-touch құрылғысын зақымдауы мүмкін.
• P-touch құрылғысына Brother TZe таспаларын пайдаланыңыз.
• P-touch құрылғысын тазалауға жұмсақ, құрғақ шүберек қана пайдаланыңыз; 
ешқашан спирт немесе басқа органикалық ерітінділер пайдаланбаңыз.
• Баспа бастиегін тазалау үшін жұмсақ шүберек пайдаланыңыз; ешқашан баспа 
бастиегіне саусағыңызды тигізбеңіз.
• Таспа шығатын саңылауға, АТ адаптерінің ұясына немесе батарея салғышқа, 
т.б. басқа заттар салмаңыз.
• P-touch құрылғысын/батареяларды/АТ адаптерін тікелей күн көзіне не жаңбырға, 
қыздырғыштардың не басқа ыстық құрылғылардың жанына, тым жоғары не төмен 
температуралы орынға (мысалы, көліктің құралдар тақтасына не артына) немесе 
ылғалдылығы жоғары немесе шаң жерлерге қоймаңыз.
• Кассета бос болса, басып шығарушы болмаңыз; ол баспа бастиегін зақымдайды.
• Басып шығарып немесе беріп жатқанда таспаны тартпаңыз; ол таспа мен P-touch 
құрылғысын зақымдайды.
• Жадқа сақталған деректер P-touch құрылғысының ақаулығына немесе оны жөндеуге 
байланысты немесе батареяны пайдалану мерзімі біткенде өшіп қалады.
• P-touch зарядталатын батареяларға арналған зарядтау мүмкіндігімен 
жабдықталмаған.
• Басып шығарылған жапсырманың ұзындығы компьютерде көрсетілген жапсырма 
ұзындығынан басқаша болуы мүмкін.
• Өндіру жəне тасымалдау барысында жоғарғы панельдің үстіңгі жағын қорғау үшін 
мөлдір пластик стикер қолданылады. Бұл стикерді пайдаланардан бұрын алып 
тастау керек.
• Жапсырманың бірнеше көшірмесін басып шығарғанда немесе принтердің нөмірлеу 
функциясын пайдаланғанда, P-touch құрылғысы таспалы кассетаның аяқталғанын 
анықтай алмай, жұмысын жалғастыра береді.
• Жылу қысқартқыш түтікшені пайдаланғанда, басып шығару аймағы қалыпты 
таспаны қолданғанға қарағанда кіші болады.
• CD-ROM дискісін тырнамаңыз немесе жоғары не төмен температура əсерін 
тигізбеңіз.
• CD-ROM дискісінің үстіне ауыр зат қоймаңыз немесе оны ұстағанда, тым көп күш 
жұмсамаңыз.
• CD-ROM дискісіндегі бағдарламалық құрал тек P-touch құрылғысымен пайдалануға 
арналған.
Толық мəліметтерді CD-ROM дискісіндегі лицензиядан қараңыз. Бұл бағдарламалық 
құралды бір кеңседе, т.б. пайдалану үшін бірнеше компьютерге орнатуға болады.
Кеден Одағының техникалық регламентi
Халықаралық ENERGY STAR
®
 бағдарламасының 
мақсаты — қуат үнемдейтін кеңсе жабдығын əзірлеуді 
жəне жариялауды дамыту. ENERGY STAR
®
 серіктесі 
ретінде Brother Industries, Ltd. компаниясы бұл өнімнің 
қуатты үнемдеу бойынша ENERGY STAR
®
 нормативтеріне 
сай келетінін анықтады.
Cақтық шаралары
 АБАЙЛАҢЫЗ
Алдын алмаған жағдайда өлімге немесе ауыр жарақатқа 
əкелуі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайды білдіреді.
 ЕСКЕРТУ
Алдын алмаған жағдайда жеңіл немесе орташа жарақатқа 
алып келуі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайды білдіреді.
P700 үлгісіндегі P-touch жапсырма басып шығару аппаратын таңдағаныңызға алғыс білдіреміз. 
Жаңа P-touch құрылғысы P-touch Editor Lite бағдарламалық құралын пайдаланады, ол P-touch 
құрылғысына орнатылып қойған.
Ерекше жапсырмалар жасау үшін компьютерге ешқандай бағдарламалық құрал немесе 
драйверлер орнатудың қажеті жоқ. Бұл нұсқаулықта маңызды сақтық шаралары туралы ақпарат 
жəне жаңа P-touch құрылғысымен жұмыс істеу туралы қарапайым нұсқаулар бар. Қолданбас 
бұрын нұсқауларды оқып шығыңыз жəне өнімді осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Алдағы 
уақытта қарау үшін осы нұсқаулықты оңай жерге қойыңыз. P700 бағдарламалық құралының 
жаңа нұсқалары бар, бұл нұсқаулық жаңартылған мүмкіндіктерді көрсетпейді. Сондықтан осы 
нұсқаулықтағы бағдарламалық құрал мен мазмұнның өзгеше екенін байқауыңыз мүмкін.
Қытайда басып шығарылған
LAE840001
Қазақша
P700
Пайдаланушы нұсқаулығы
Жалпы сақтық шаралары
Халықаралық ENERGY STAR
®
 сəйкестік 
мəлімдемесі
Федералдық Байланыс Комиссиясының (ФБК) 
Сəйкестік туралы декларациясы (тек АҚШ үшін)
Responsible Party:
Brother International Corporation
200 Crossing Boulevard
P.O. Box 6911
Bridgewater, NJ 08807-0911 USA
TEL: (908) 704-1700
declares that the products 
 
Product Name:
Brother P-touch Electronic Labeling System
Model Number:
PT-P700
comply with Part 15 of the FCC Rules. Operation is subject to the following two conditions: 
(1) this device may not cause harmful interference, and (2) this device must accept 
any interference received, including interference that may cause undesired operation.
This equipment has been tested and found to comply with the limits for a Class B digital 
device, pursuant to Part 15 of the FCC Rules. These limits are designed to provide 
reasonable protection against harmful interference in a residential installation. This 
equipment generates, uses, and can radiate radio frequency energy and, if not installed 
and used in accordance with the instructions, may cause harmful interference to radio 
communications. However, there is no guarantee that interference will not occur in 
a particular installation. If this equipment does cause harmful interference to radio 
or television reception, which can be determined by turning the equipment off and on, 
the user is encouraged to try to correct the interference by one or more of the following 
measures:
• Reorient or relocate the receiving antenna.
• Increase the separation between the equipment and receiver.
• Connect the equipment into an outlet on a circuit different from that to which the 
receiver is connected.
• Consult the dealer or an experienced radio/TV technician for help.
Important
• The enclosed interface cable should be used in order to ensure compliance with the 
limits for a Class B digital device.
• Changes or modifications not expressly approved by Brother Industries, Ltd. could 
void the user’s authority to operate the equipment.