Brother PJ-723 Istruzioni Sulla Sicurezza Importanti

Pagina di 13
2
Принтерді қауіпсіз пайдалану
Егер принтер дұрыс істемесе, оны пайдалануды бірден тоқтатып, Brother дилеріне 
хабарласыңыз.
Бұл құжатта пайдаланылған таңбалар
Келесі таңбалар осы құжатта пайдаланылады:
 ҚАУІПТІ
Ескертулер мен нұсқауларды сақтамастан өнімді қолданған жағдайда, 
адам өліміне немесе ауыр жарақатқа алып келетін аса қауіпті 
жағдайды білдіреді.
 АБАЙЛАҢЫЗ
Ескертулер мен нұсқауларды сақтамастан өнімді қолданған жағдайда, 
адам өліміне немесе үлкен жарақатқа алып келуі мүмкін ықтимал 
қауіпті жағдайды білдіреді.
 ЕСКЕРТУ
Алдын алмаған жағдайда жеңіл немесе орташа жарақатқа алып келуі 
мүмкін ықтимал қауіпті жағдайды білдіреді.
МАҢЫЗДЫ
Алдын алмаған жағдайда мүлікке зақым келтіруі немесе өнімнің 
жұмыс істемеуіне əкелуі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайды білдіреді.
Белгілі бір жағдайларда өрт шығу қаупін білдіреді
Белгілі бір жағдайларда ток соғу қаупін білдіреді
Белгілі бір жағдайларда күйіп қалу қаупін білдіреді
Орындалмауы тиіс əрекетті білдіреді
Жақын жерде өрт болған жағдайда жану қаупін білдіреді
Принтердің көрсетілген бөлігін ұстаған кезде жарақат алу қаупін білдіреді
Принтердің көрсетілген бөлігін бөлшектеген кезде ток соғу сияқты жарақат қаупін білдіреді
Су қолмен қолданған кезде ток соғу қаупін білдіреді
Принтерді суға салған кезде ток соғу қаупін білдіреді
Орындалуға тиісті əрекетті білдіреді
Айнымалы ток қуатының сымын электр розеткадан ажырату керектігін білдіреді