Brother DS-720D Guida All'Installazione Rapida

Pagina di 8
7
Өнімнің қауіпсіздік 
нұсқаулығы
Осы құжаттарда пайдаланылатын 
таңбалар мен шарттар
АБАЙЛАҢЫЗ
АБАЙЛАҢЫЗ жөнделмесе, адам 
өліміне жəне ауыр жарақат алуға 
əкелуі мүмкін ықтимал қауіпті 
жағдайды көрсетеді.
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ жөнделмесе, жеңіл немесе 
орташа жарақат алуға əкелуі мүмкін 
ықтимал қауіпті жағдайды көрсетеді.
МАҢЫЗДЫ
МАҢЫЗДЫ жөнделмесе, мүлікке 
зақым келтіруі немесе өнімнің жұмыс 
істемеуіне əкелуі мүмкін ықтимал 
қауіпті жағдайды көрсетеді.
Қауіпті ескерту: «Абай болыңыз.» 
Шектеулі əрекет. 
Дұрыс əрекет: «Не істеу керек.» 
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақаттану қаупіне жол бермеу үшін USB кабелін 
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. 
Құрылғыны бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз. Оның 
нəтижесінде өрттің шығуы, электр тогының соғуы немесе 
құрылғының істемей қалуы мүмкін. Құрылғының ішкі 
бөлшектерін тексеру, реттеу жəне жөндеу үшін сол 
құрылғыны сатып алған дүкенге хабарласыңыз. (Құрылғы 
тұтынушы тарапынан жасалған бөлшектеу немесе 
өзгертулер салдарынан істемей қалса, кепілдік мерзімінде 
орын алғанның өзінде жөндеу жұмыстары ақылы болады.) 
Құрылғыны қалыптан тыс жағдайларда, мысалы, түтін, 
бөтен иіс, таныс емес шуыл, т.б. шыққанда пайдаланбаңыз. 
Оның нəтижесінде өрттің шығуы, күйіп қалуы немесе 
құрылғының істемей қалуы мүмкін. USB кабелін шығыс 
көзінен ажыратыңыз. Құрылғыны сатып алған дүкенге 
хабарласыңыз. 
Құрылғы ішіне бөгде зат түсіп кеткен жағдайда USB кабелін 
ажыратыңыз. Құрылғыны сатып алған дүкенге 
хабарласыңыз. Оның нəтижесінде өрттің шығуы, электр 
тогының соғуы немесе құрылғының істемей қалуы мүмкін. 
Құрылғыға сусын, мысалы, кофе, шырын, т.б. не су төгіп 
алмаңыз. Су шашырап кетуі мүмкін жерлерде құрылғыны 
пайдаланбаңыз. Оның нəтижесінде өрттің шығуы, электр 
тогының соғуы немесе құрылғының істемей қалуы мүмкін. 
Мұндай жағдайда USB кабелін шығыс көзінен ажыратыңыз. 
Құрылғыны сатып алған дүкенге хабарласыңыз. 
Полиэтилен қалталарды балалардың қолы жетпейтін жерде 
сақтаңыз немесе тұншығып қалу қаупіне жол бермеу үшін 
оларды қоқысқа тастаңыз. 
Ашық жалын немесе қызу көздеріне жақын қоймаңыз. Оның 
нəтижесінде өрттің шығуы немесе құрылғының істемей 
қалуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Қатты соққылар, мысалы, жүріп бара жатқанда түсіп кету, 
т.б. құрылғыны зақымдауы мүмкін. Оның салдарынан 
адам жарақаттануы мүмкін. Құрылғы зақымдалған жағдайда 
USB кабелін шығыс көзінен ажыратыңыз. Құрылғыны сатып 
алған дүкенге хабарласыңыз. 
Құрылғыны шулы немесе қисық тұрған үстелдерге 
қоймаңыз. Құрылғыны тұрақсыз жерге қоймаңыз. Құрылғы 
құлауы мүмкін жəне соның салдарынан адам жарақаттануы 
мүмкін. 
Құрылғыға ауыр заттар қоймаңыз. Ол теңсіздікті тудырып, 
құрылғы құлап кетуі мүмкін. Оның салдарынан адам 
жарақаттануы мүмкін. 
Құрылғыны тазалаған кезде органикалық ерітіндіні, мысалы, 
тез тұтанатын газ, алкоголь, т.б. пайдаланбаңыз. Оларды 
құрылғыға жақын пайдаланбаңыз. Оның нəтижесінде өрттің 
шығуы немесе құрылғының істемей қалуы мүмкін.
Қағазды ұстағанда абай болыңыз. Қағаздың қырлары 
қолдарыңызды кесіп кетуі мүмкін.
МАҢЫЗДЫ
Құрылғыны күннің көзі тікелей түсетін жерлерде жəне 
температурасы тым жоғары не төмен, ашық жалын немесе 
қызу көздеріне жақын жерлерде қалдырмаңыз. Құрылғыны 
ылғалдылығы мен шаңы көп жерлерде пайдаланбаңыз 
немесе сақтамаңыз. 
Бұл нұсқаулықта көрсетілмеген əрекеттерді орындамаңыз. 
Оның нəтижесінде адам жарақаттануы немесе құрылғының 
істемей қалуы мүмкін.
Құрылғыны тазалаған кезде органикалық ерітінділер, 
мысалы, бояу кетіргіш, бензин, алкоголь, т.б. 
пайдаланбаңыз. Ол құрылғы бетіндегі жылтырын 
зақымдауы мүмкін немесе зақымдағаннан кейін бояуын 
алып түсуі мүмкін. Жұмсақ, құрғақ шүберекпен құрылғыдағы 
кірді кетіріңіз.
Жинақтағы USB кабелінен басқа USB кабельдерін 
пайдаланбаңыз. 
Температура қатты өзгеретін жерлерде құрылғыны 
пайдаланбаңыз. Нəтижесінде пайда болған конденсат 
құрылғының бұзылуына немесе дұрыс істемеуіне себеп 
болуы мүмкін. Конденсат болған жағдайда құрылғыны 
табиғи жолмен кептіргеннен кейін ғана пайдаланыңыз.