Brother MFC-L2707DW Istruzioni Sulla Sicurezza Importanti

Pagina di 23
3
Жинақтау жəне жариялау туралы ескертпе
1
Бұл нұсқаулық жариялау кезінде ең соңғы өнім қауіпсіздігінің мəліметтерін қамтамасыз ету 
үшін жинақталған жəне жарияланған. Бұл нұсқаулықта қамтылған мəліметтер өзгертілуі 
мүмкін.
Соңғы нұсқаулықты алу үшін, http://support.brother.com мекенжайына өтіңіз.
Өнім үшін қауіпсіз орынды таңдаңыз
1
ЕСКЕРТУ
 
Температурасы 10 жəне 32 
°C аралықта, ылғалдығы 20-80 % аралықта болатын жəне 
конденсация болмайтын жерді таңдаңыз.
 
 
Өнімді тікелей күн сəулесіне, қатты ыстыққа, ашық жалынға, тоттандыратын газға, 
ылғалға немесе шаңға тастауға БОЛМАЙДЫ. Олай істеу ток соғу, қысқа тұйықталу немесе 
өрт қаупін тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, ол өнімді зақымдауы жəне/немесе оны бұзуы 
мүмкін.
 
 
Өнімді ысытқышқа, кондиционерлерге, электр желдеткіштеріне, тоңазытқыштарға немесе 
суға жақын қоюға БОЛМАЙДЫ. Олай істеу ток соғу, қысқа тұйықталу немесе өрт қатерін 
тудыруы мүмкін, себебі су өнімге (ысыту/ауаны баптау/желдету жабдығынан туындаған 
конденсацияны қоса) тиюі мүмкін.
 
 
Өнімді химиялық заттарға немесе химиялық заттар төгілуі мүмкін жерге қоюға 
БОЛМАЙДЫ. Нақты айтқанда, органикалық ерітінділер немесе сұйықтықтар корпусты 
жəне/немесе кабельдерді ерітуі немесе бұзып, өрт немесе ток соғу қаупін тудыруы мүмкін. 
Сондай-ақ, олар өнімді бұзуы немесе түсін кетіруі мүмкін.