Samsung RB6000KC Нижняя морозильная камера с технологией Space Max™, 344 л Manuale Utente

Pagina di 200
Казақ  9
Қауіпсіздік т
уралы ақпарат
•  Тоңазытқышқа шаң немесе су кірсе, ашасын суырып 
алып, Samsung Electronics қызмет көрсету орталығына 
хабарласыңыз.
-  Әйтпесе өрт шығу қаупі бар.
•  Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе зат қоймаңыз (мысалы, 
кір, жанып тұрған шамдар, тұтатылған шылым, ыдыстар, 
химикаттар, металл заттар т.с.с.).
-  Себебі электр қатері, өрт немесе құрылғыға байланысты 
ақау немесе жарақат алу қаупі пайда болуы мүмкін.
•  Құрылғыны алғаш электр көзіне қосар алдында, барлық 
қорғауыш пластик таспаларын алу керек.
•  Есікті реттеуге арналған серіппелі шығырықпен немесе су 
түтігінің қапсырмасымен балалар ойнамау үшін, оларды 
байқау керек. 
-  Бала есікті реттеуге арналған серіппелі шығырықты 
немесе су түтігінің қапсырмасын жұтып қойса, тұншығып, 
мерт болатын қауіп бар. Есікті реттеуге арналған серіппелі 
шығырықтарды немесе су түтігінің қапсырмаларын 
баланың бойы жетпейтін жерде сақтаңыз.
•  Тоңазытқышты қауіпсіз түрде жерге қосу керек.
-  Құрылғының кез келген бөлігін тексеруге немесе жөндеуге 
кіріспес бұрын, тоңазытқыштың қауіпсіз түрде жерге 
тұйықталғанына көз жеткізіңіз. Жылыстап шығатын электр 
қуаты, электр тогына қатты соғылуға әкеледі.
•  Газ түтіктерін, телефон сымдарын немесе басқа да 
ықтимал жарқыл тартқыштарды жерге тұйықтау мақсатында 
қолданбаңыз.
-  Тоңазытқышты міндетті түрде тоңазытқыштан жылыстап 
шыққан электр тоғына соғылып қалмау немесе өрт қатерін 
болдырмау үшін жерге қосу керек.
Untitled-11   9
2016-08-19     4:49:42