Samsung RS57K4000SA Manuale Utente

Pagina di 160
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Казақ
4 
Қауіпсіздік туралы ақпарат
•  Тоңазытқыш сұйық түтіктерден атқыласа, тұтануы немесе көзге зақым келтіруі мүмкін. Тоңазытқыш 
сұйық түтіктен аққан кезде құрылғының қасында ашық оттың болмауын қамтамасыз етіп, тұтанғыш 
заттарды алыс қойыңыз да, бөлмені дереу желдетіңіз.
 - Бұлай істемесеңіз, өрт немесе жарылыс шығуы мүмкін.
•  Бұл құрылғыда тұтанғыш зат толтырылған аэрозоль сауыты тәрізді жарылғыш заттарды сақтамаңыз.
Қауіпсіздікке қатысты маңызды белгілер және сақтық шаралары:
Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы барлық сақтық шараларын орындаңыз. Бұл нұсқаулықта келесі 
қауіпсіздік белгілері қолданылған.
ЕСКЕРТУ
Ауыр жарақат, мүлікке зақым келтіретін және/немесе өлімге әкелетін қатерлі жағдайлар не қауіпті 
әрекеттер.
АБАЙЛАҢЫЗ
Қатты жарақат және/немесе мүлікке зиян келтіретін қатерлі жағдайлар не қауіпті әрекеттер.
ЕСКЕРТПЕ
Пайдаланушыларға тоңазытқышты түсінуге және оның пайдасын көруге көмектесетін пайдалы ақпарат.
Бұл ескерту белгілері сіз немесе басқа адамдар жарақаттанып қалуға жол бермеу үшін қажет.
Бұларды мұқият орындаңыз.
Осы бөлімді оқып болғаннан кейін, келешекте қарап жүру үшін сенімді жерге сақтап қойыңыз.
Untitled-32   4
2016-03-17     6:17:52