Samsung RT6000К Верхняя морозильная камера с технологией Twin Cooling Plus™, 542 Л Manuale Utente

Pagina di 156
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Казақ
8 
Қауіпсіздік т
уралы ақпарат
•  Қорек сымын металл заттың үстіне ілмеңіз, қорек сымының 
үстіне ауыр зат қоймаңыз, қорек сымын заттардың арасына 
қыстырмаңыз немесе құрылғының артындағы орынға 
салмаңыз.
•  Тоңазытқышты жылжытқан кезде, ашаны басып кетпеуге 
немесе бүлдіріп алмауға тырысыңыз.
-  Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
•  Тоңазытқышты ешқашан қорек сымынан тартып ағытпаңыз. 
Әрқашан ашасынан мықтап ұстап, розеткадан тура тартып 
ағытыңыз.
-  Қорек сымына зақым келсе, қысқа тұйықталу, өрт шығуы 
және/не электр тогы соғуы мүмкін.
•  Бұл құрылғыда тұтанғыш зат толтырылған аэрозоль сауыты 
тәрізді жарылғыш заттарды сақтамаңыз.
•  Бұл құрылғыны қыздырғыштың немесе тұтанғыш 
материалдың қасына орнатпаңыз.
•  Бұл құрылғыны газ жылыстап шығуы мүмкін жерге 
орнатпаңыз.
-  Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
•  Бұл тоңазытқышты қолданар алдында, осы нұсқаулықтағы 
нұсқауларға сай орналастырып, дұрыс жерге орнату керек.
•  Қуат ашасын розеткаға сымын төмен салбыратып дұрыс 
жалғау керек.
-  Қуат ашасының түп жағын жоғары қаратып жалғасаңыз, 
қуат сымы қиылып, өрт шығуы немесе электр тогы соғуы 
мүмкін.
•  Тоңазытқыштың артқы жағының қуат ашасын жаншып немесе 
бүлдіріп тастамағанын тексеріңіз.
Untitled-5   8
2016-03-21     2:49:38