Samsung SWA-8000S Manuale Utente

Pagina di 18
  ЕСКЕРТУ
 ТОК СОҒУ ҚАУПІ БАР. 
АШПАҢЫЗ
 Бұл белгі ішкі бөлігінің 
кернеуі жоғары екендігін 
көрсетеді. Осы өнімнің 
ішкі бөлігіне кез келген 
жағдайда қол тигізу қауіпті.
 ЕСКЕРТУ: ТОК СОҒУ ҚАУПІН АЗАЙТУ ҮШІН, 
ҚАҚПАҒЫН (НЕМЕСЕ АРТҚЫ ПАНЕЛІН) 
АШПАҢЫЗ. ІШІНДЕ ПАЙДАЛАНУШЫ ЖӨНДЕЙТІН 
БӨЛШЕКТЕР ЖОҚ. БАРЛЫҒЫН БІЛІКТІ МАМАНҒА 
ЖӨНДЕТІҢІЗ.
 Бұл белгі өніммен бірге 
жұмыс істеуге және күтім 
көрсетуге қатысты маңызды 
әдебиеттер берілгендігін 
көрсетеді.
II сынып өнімі: Бұл белгі жерге қосу (тұйықтау) үшін қауіпсіз қосылымның қажет емес екенін 
көрсетеді.
АТ кернеуі: Бұл белгі осы белгімен көрсетілген номиналды кернеудің АТ кернеуі екенін 
көрсетеді
ТТ кернеуі: Бұл белгі осы белгімен көрсетілген номиналды кернеудің ТТ кернеуі екенін 
көрсетеді.
Назар аударыңыз, Пайдалану үшін нұсқауларды қараңыз: Бұл белгі пайдаланушыға қосымша 
қауіпсіздік ақпаратын пайдаланушы нұсқаулығынан қарау керек деп нұсқайды.
 Белгі Кедендік одақтың 005/2011 техникалық регламентіне сәйкес қолданылады және осы 
өнімнің қаптамасын екінші рет пайдалануға арналмағанын және жоюға жататынын көрсетеді. 
Осы өнімнің қаптамасын азық-түлік өнімдерін сақтау үшін пайдалануға тыйым салынады.
 Белгі қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Белгі сандық код және/немесе әріп белгілері 
түріндегі қаптама материалының белгісімен толықтырылуы мүмкін.
•  
Өнімнің сыртқы және артқы немесе төменгі 
жағындағы ұялар мен саңылаулар қажетті желдетуді 
қамтамасыз етеді. Өнімнің сенімді жұмыс істеуін 
қамтамасыз ету және оның шамадан тыс қызуынан 
қорғау үшін осы ұялар мен саңылауларды ешқашан 
блоктамау немесе жаппау қажет.
 
-  Жеткілікті желдету болмаса, осы өнімді кітап 
сөресі немесе кірістірілген шкаф секілді жабық 
орынға қоймаңыз.
 
-  Бұл өнімді жылу батареясының немесе 
жылытқыштың жанына не болмаса үстіне, 
сондай-ақ күн сәулесі тікелей түсетін орынға 
қоймаңыз.
 
-  Өнімнің үстіне суы бар ыдыстарды (вазаларды 
т.б.) қоймаңыз. Судың ағуынан өрт шығу немесе 
ток соғу қаупі туындауы мүмкін.
•  
Бұл өнімге жаңбыр тигізбеңіз немесе оны судың 
(ваннаның, асхана жуғышының немесе кір жуғыш 
бактың жанына, ылғал жертөлеге немесе бассейн 
жанына, т.б.) жанына қоймаңыз. Егер осы өнімге 
кездейсоқ ылғал тисе, оны токтан ажыратып, 
өкілетті дилерге бірден хабарласыңыз.
•  
Қабырға розеткаларын, ұзартқыштарды немесе 
адаптерлерді өз мүмкіндіктерінен артық 
жүктемеңіз, себебі олардың өрт шығу немесе ток 
соғу қаупін тудыруы мүмкін.
Сымсыз артқы динамиктер жинағы
Үлгі: SWA-8000S
Бұл өнімді (SWA-8000S) сатып алғаныңыз үшін алғыс білдіреміз.
Сымсыз артқы динамиктер жинағын (SWA-8000S) қосу және пайдалану 
туралы толық ақпаратты Soundbar құрылғысының пайдаланушы 
нұсқаулығынан қараңыз.
Қауіпсіздік Ақпараты  
SWA-8000S-RU-KAZ_0704.indd   1
SWA-8000S-RU-KAZ_0704.indd   1
2016-07-04     3:22:41
2016-07-04     3:22:41