Samsung Цветное МФУ Xpress SL-C1860FW (18 стр/мин) Manuale Utente

Pagina di 445
Нормативтік ақпарат
188
5. Қосымша
Радиожиілік сымсыз байланысы жабдыққа немесе 
коммерциялық ұшағына кедергі келтіруі мүмкін. Ағымдағы 
авиация ережелері ұшақта ұшқанда сымсыз құрылғыларды 
өшіруді талап етеді. IEEE 802.11 (сондай-ақ, сымсыз Ethernet 
ретінде белгілі) жəне Bluetooth байланыс құрылғылары 
сымсыз байланысты қамтамасыз ететін құрылғылардың 
мысалдары болып табылады.
Басқа құрылғыларға немесе қызметтерге кедергі келтіру қаупі 
зиян тигізсе немесе зиянды деп есептелсе, сымсыз 
құрылғыны пайдалану параметрі шектелуі немесе жойылуы 
мүмкін. Əуежайлар, ауруханалар жəне оттегі немесе жанғыш 
газға қаныққан атмосфералар сымсыз құрылғыларды 
пайдалану шектелуі немесе тыйым салынуы мүмкін 
орындардың шектеулі мысалдары болып табылады. Сымсыз 
құрылғыларды пайдалану санкциясы туралы білмейтін 
орталарда болғанда, тиісті билік өкілінен сымсыз құрылғыны 
пайдалану немесе қосуға рұқсат сұраңыз.
Əр елде сымсыз құрылғыларды пайдалану шектеулері əр 
түрлі. Жүйе сымсыз құрылғымен жабдықталған болғандықтан, 
елдер арасында жүйемен бірге саяхаттағанда, кез келген 
қозғалу немесе саяхат алдында мақсатты елде сымсыз 
құрылғыны пайдалану шектеулері туралы жергілікті радио 
құрылғыларды мақұлдау бойынша билік өкілдерінен сұраңыз.
Егер жүйе ішкі ендірілген сымсыз құрылғымен жабдықталған 
болса, барлық қақпақтар жəне қалқандар орнында болғанша 
жəне жүйе толық жиналғанша сымсыз құрылғыны 
пайдаланбаңыз.
Сымсыз құрылғыларға пайдаланушы қызмет көрсете 
алмайды. Оларды ешқалай өзгертпеңіз. Сымсыз құрылғыны 
өзгерту оны пайдалану рұқсатын жоюы мүмкін. Қызмет 
көрсетуі үшін дайындаушыға хабарласыңыз.
Тек құрылғы пайдаланылатын ел үшін мақұлданған 
драйверлерді пайдаланыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін 
жасап шығарушының жүйені қалпына келтіру жинағын 
қараңыз немесе дайындаушының техникалық қолдау көрсету 
қызметіне хабарласыңыз.