Samsung Цветное МФУ Xpress SL-C1860FW (18 стр/мин) Manuale Utente

Pagina di 445
Басып шығару мүмкіндіктері
343
4.  Арнайы мүмкіндіктер
Принтер параметрлерін өзгерту
Құрылғыны пайдалану барысында қосымша басып шығару 
мүмкіндіктерін пайдалануға болады.
Бағдарламаны ашып, File мəзірінде Print пəрменін таңдаңыз. Принтер 
сипаттары терезесінде шығатын машина атауы пайдаланылатын 
машинаға байланысты басқа болуы мүмкін. Атауы болмаса, принтер 
сипаттары терезесінің құрылғысы келесіге ұқсас.
Бір парақта бірнеше бетті басып шығару 
Бір қағаз парағында бірнеше бетті басып шығаруға болады. Бұл 
мүмкіндік жоба жазба көшірмелерді басып шығарудың үнемді жолын 
береді.
1
Бағдарламаны ашып, File мəзірінде Print пəрменін таңдаңыз.
Orientation астындағы ашылмалы тізімде Layout параметрін 
таңдаңыз. Pages per Sheet ашылмалы тізімінде бір қағаз 
парағында басып шығару керек беттердің санын таңдаңыз.
Пайдаланылатын басқа параметрлерді таңдаңыз.
Print түймесін басыңыз. 
Машина таңдалған басып шығару керек беттерді бір парақта 
басып шығарады.
Қағаздың екі бетінде де басып шығару
 
Модельдерге немесе параметрлерге байланысты кейбір 
функциялар қолжетімді емес болуы мүмкін. Бұл мүмкіндіктерге 
қолдау көрсетілмейді дегенді білдіреді (11-беттегі "Əр түрлі 
мүмкіндіктер" 
бөлімін қараңыз).
 
Екі жақты режимде басып шығару алдында аяқталған құжатты қай 
жағынан мұқаба жасайтыныңызды шешіңіз. Мұқаба параметрлері 
төмендегідей:
Long-Edge Binding: Бұл мұқаба – мұқаба жасауда жиі 
пайдаланылатын орналасу.
Short-Edge Binding: Бұл параметр – күнтізбелерде 
пайдаланылатын түр.
1
Mac бағдарламасында File мəзірінде Print пəрменін таңдаңыз.
Orientation астындағы ашылмалы тізімде Layout параметрін 
таңдаңыз. 
Two-Sided параметрінде мұқабаның бағдарын таңдаңыз.
Пайдаланылатын басқа параметрлерді таңдаңыз.
Print пəрменін таңдаңыз, сонда машина қағаздың екі жағында 
да басып шығарады.