Samsung WW4000J, Стиральная машина, Eco Bubble, 6 кг Manuale Utente

Pagina di 160
Казақ 33
Іск
е пайдалану
Отсрочка (Кешіктіріп аяқтау) 
Кір жуғыш машинаны, кір жууды кейін автоматты түрде аяқтау үшін, кешіктіріп аяқтау уақытын 
1-ден бастап 19 сағат (1 сағаттық қадаммен) аралығында таңдауыңызға болады. Дисплейдегі 
уақыт жуу циклінің аяқталу уақытын көрсетеді.
1.  Циклды таңдаңыз. Содан кейін қажет болса цикл параметрлерін өзгертіңіз.
2.  Отсрочка (Кешіктіріп аяқтау) түймешігін қажетті аяқтау уақыты орнатылғанша қайта-қайта 
басыңыз.
3.  Бастау/Үзіліс түймешігін басыңыз. 
Сағат жүріп тұрғанда тиісті индикатор жанады.
4.  Отсрочка (Кешіктіріп аяқтау) параметрін болдырмау үшін Қуат түймешігін басып кір 
жуғыш машинаны қайта іске қосыңыз.
Өмірден алынған мысал
Екі сағаттық жуу циклын қазіргі уақыттан 3 сағат өткенде аяқтағыңыз келеді. Бұл үшін ағымдық 
циклға 3-сағаттық параметрі бар Кешіктіріп аяқтау функциясын қосып, 
Бастау/Үзіліс түймешігін 
14:00-де басыңыз. Сонда не болады? Кір жуғыш машина 15:00-де жуа бастап, 17:00-де 
аяқтайды. Төменде осы мысалдың уақыттары көрсетілген.
14:00
Кешіктіріп аяқтауды 3 сағатқа қойыңыз
15:00
Бастау
17:00
Аяқтау
BB_WW4000J(SERK)-03578F-06_KZ (CIS).indd   33
2015-12-23     11:57:06