Samsung GT-N7000 Manuale Utente

Pagina di 205
Қон-лар
178
Қауіпсіздік
Құрылғыны және SIM немесе USIM карталарын қауіпсіз ету 
үшін параметрлерді өзгертіңіз.
Құрылғыны шифрлау
 
: Құрылғыны онда сақталған 
деректер мен ақпаратты қорғау үшін шифрлауға арналған 
PIN кодын немесе құпиясөзді орнатыңыз. Құрылғы 
шифрланғаннан кейін құрылғы қосылған сайын құпиясөз 
енгізілуге тиісті. Алдымен батареяны зарядтау қажет, себебі 
құрылғыны шифрлауға бір сағаттан аса уақыт кетеді.
Сыртқы SD картасын шифрлаңыз
 
:
Шифрлау
 -
: Жад картасындағы деректерді шифрлау 
арқылы жеке ақпаратты қорғаңыз.
Толық шифрлау
 -
: Жад картасындағы барлық файлдарды 
шифрлауды орнатыңыз.
Мультимедиалық файлдарды қоспаңыз
 -
: Жад 
картасындағы мультимедиа файлдарынан басқа барлық 
файлдарды шифрлауды орнатыңыз.
Зауыттық деректер қалпына келтірілгеннен кейін 
шифрланған жад картасына кіру мүмкін емес. Алдымен, 
зауыттық деректерді қалпына келтіру үшін жад 
картасының кодын шешіңіз.
Қашықтағы басқару элемен.
 
: Интернет арқылы жоғалған 
құрылғыны қашықтан басқаратын етіп қойыңыз. Samsung 
тіркелгісіне жазылған кезде бұл мүмкіндік автоматты түрде 
іске қосылады.
SIM өзгерту сигналы
 
: Құрылғыңыз жоғалғанда не 
ұрланғанда оны табуға көмектесетін ұялы телефонымды 
табу мүмкіндігін іске қосыңыз немесе өшіріңіз.
"Ұялы тел. табу" веб-беті
 
: SamsungDive веб-бетіне өтіңіз. 
SamsungDive қызметі жоғалған не ұрланған жағдайда 
құрылғыны қадағалауға және қашықтан басқаруға 
мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін Samsung 
есептік жазбасы қажет.