Samsung GT-N7000 Manuale Utente

Pagina di 204
Құрастыру
12
Құрастыру
Қорабын ашу
Өніміңіздің қорапшасынан мына заттарды тексеріңіз:
Ұялы телефон
 
Батарея
 
Жылдам бастау нұсқаулығы
 
Тек Samsung бекіткен жабдықтарды пайдаланыңыз. 
Қарақшылық жолмен немесе заңсыз жасалған 
бағдарламалық жасақтама зақым келтіруі немесе 
өндіруші кепілдігінде қамтылмаған ақаулықтарға себеп 
болуы мүмкін.
Құрылғымен бірге берілген заттар мен қол жетімді 
 
аксессуарлар аймағыңызға немесе қызмет көрсетуші 
провайдерге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Қосымша көмекші құралдарды жергілікті Samsung 
 
дүкенінен сатып алуға болады.
Қамтамасыз етілген аксессуарлар құрылғыңызда өте 
 
жақсы жұмыс істейді.
Берілген көмекші құралдардан басқа құралдар 
 
құрылғыңызға сәйкес келмеуі мүмкін.
SIM немесе USIM картасын және 
батареяны орнатыңыз
Ұялы телефон қызмет көрсету орталығына жазылғаныңызда, 
жеке идентификациялық нөмірі PIN және қосымша қызметтер 
сияқты жазылу мәліметтері бар абонент анықтау модулін 
(SIM) аласыз. UMTS немесе HSDPA қызметтерін пайдалану 
үшін сіз әмбебап абонент анықтау модулі (USIM) картасын 
сатып алуыңызға болады.