Samsung GT-N7000 Manuale Utente

Pagina di 204
Веб
132
Samsung Apps
Samsung Apps қызметі сізге құрылғыңызға көптеген 
бағдарламаларды оңай жолмен бірден жүктеуге мүмкіндік 
береді. Ойындар, жаңалықтар, сілтеме, қоғамдық желілер, 
навигация және денсаулыққа қатысты бағдарламаларды 
ұсынатын Samsung Apps қызметі сізге ұялы байланыс 
мүмкіндіктерінің кең ауқымын жылдам таңдауға мүмкіндік 
береді.
Samsung Apps қызметінің толығымен оңтайланған 
бағдарламалары арқылы құрылғыңыз “ақылдырақ” болады. 
Көңілді бағдарламаларды қарастырып, ұялы телефонмен 
сүретін өміріңізді жақсарта түсіңіз.
Мүмкіндік аймағыңызға немесе қызмет көрсетуші 
 
провайдеріңізге байланысты қол жетімді болмауы 
мүмкін.
Мәліметтер алу үшін 
 
www.samsungapps.com сайтына 
кіріңіз.
Күту режимінде бағдарламалар тізімін ашыңыз және 
Samsung Apps опциясын таңдаңыз.
Егер бұл қолданбаны алғашқы рет іске қоссаңыз, шарттар 
мен ережелерді оқып, Алу опциясын таңдаңыз.
Қалаған бағдарламаларды виджеттерді тауып жүктеңіз.
S choice
Samsung Apps ішіндегі ескерту бағдарламалары тізіміне 
кіру. Күту режимінде бағдарламалар тізімін ашып, S choice 
опциясын таңдаңыз.