Samsung GT-N7000 Manuale Utente

Pagina di 204
Ақаулықтарды жою
178
Ақаулықтарды жою
Құрылғыны қосқанда немесе құрылғыны 
пайдаланғанда, ол мына кодтардың біреуін 
енгізуін сұрайды:
Код
Бұл мәселені шешіп көріңіз:
Құпия сөз
Құрылғыны құлыптау мүмкіндігі іске қосылған 
кезде, сіз құрылғыңызға орнатылған құпия 
сөзді енгізуіңіз керек.
PIN
Құрылғыңызды алғаш қолданар алдында 
немесе PIN кодының талабы іске қосылған 
кезде сіз SIM немесе USIM картамен бірге 
жеткізілген PIN кодын енгізуіңіз керек. Сіз бұл 
функцияны SIM картасын кілттеу мәзірін 
пайдалану арқылы ажырата аласыз.
PUK
Сіздің SIM немесе USIM картаңыз бұғатталса, 
әдетте бұл PIN кодыңызды бірнеше мәрте 
дұрыс енгізбегендіктен болады. Сіз қызмет 
провайдеріңіз берген PUK кодын енгізуіңіз 
керек. 
PIN2
PIN2 кодын қажет ететін мәзірге қатынаған 
кезде SIM немесе USIM картасымен 
берілген PIN2 кодын енгізу керек. Қосымша 
мәліметтер алу үшін қызмет провайдеріңізге 
хабарласыңыз.
Құрылғыңыз желілік немесе қызмет қатесі 
туралы хабарлар көрсетеді
Егер сіз әлсіз сигналдар немесе нашар қабылдайтын 
 
аумақтарда болсаңыз, қабылдау қызметін жоғалтып 
алуыңыз мүмкін. Басқа аумаққа ауысып, әрекетті 
қайталаңыз.
Кейбір опцияларға жазылмай кіру мүмкін емес. Толығырақ 
 
мәлімет алу үшін қызмет көрсетуші провайдеріңізге 
хабарласыңыз.