Samsung GT-N7000 Manuale Utente

Pagina di 204
Сақтандыру шаралары
184
Сақтандыру шаралары
Құрылғыңызды пайдаланбас бұрын өзіңізді және басқаларды жарақаттап 
алмау немесе құрылғыңызға зақым келтірмеу үшін төмендегі ақпараттың 
барлығын оқып шығыңыз.
Ескерту: Электр тоғының соғуына, өрттің шығуына 
және жарылуға жол бермеңіз
Зақымдалған электр шнурларын не ашаларын пайдаланбаңыз 
немесе электр розеткаларына көп құрылғы қоспаңыз
Электр шнурына су қолдарыңызбен тиіспеңіз немесе 
зарядтағышты шнурынан тартып ажыратпаңыз
Электр шнурын майыстырмаңыз немесе зақымдамаңыз
Зарядтап жатқан кезде құрылғыңызды пайдаланбаңыз немесе 
құрылғыңызға су қолдарыңызбен тиіспеңіз
Зарядтағышты немесе батареяны қысқа тұйықтамаңыз
Зарядтағышты не батареяны түсіріп алмаңыз немесе оларға 
соққы келтірмеңіз
Өндіруші мақұлдамаған зарядтағыштармен батареяны 
зарядтамаңыз
Найзағай кезінде құрылғыңызды пайдаланбаңыз
Құрылғыңыз дұрыс істемеуі мүмкін, соның салдарынан электр тогының соғу 
қаупі артады.
Зақымдалған немесе ағып кеткен литий ион (Li-Ion) батареяны 
қолданбаңыз
Литий ион батареяларын қоқысқа қауіпсіз жолмен тастау үшін жергілікті 
өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.