Panasonic TH-47LFT30W Guida Al Funzionamento

Pagina di 50
3
Қауіпсіздік шаралары
 СК дисплейді пайдалану барысында
Дисплей 110 - 127 В немесе 220 - 240 В айнымалы ток, 50/60 Гц сипатты қуат көзінен жұмыс істеуге 
жасақталған.
Пайдалану үшін терминал қақпағын мықтап бекітіңіз. 
• Болмаса, шаң мен суға төзімділігі төмендеп, өрт шығуына, ток соғуына немесе өнім зақымдануына апарып 
соғуы мүмкін.
Дисплейге ешбір бөтен затты тықпаңыз.
• Дисплей ішіне ешбір металл немесе тұтанғыш заттарды кіргізбеңіз немесе дисплейге түсіріп алмаңыз, себебі, 
бұл өртке не ток соғуға апарып соғуы мүмкін.
Жабынын алып тастамаңыз жəне ешқалай өзгертпеңіз.
• Дисплей ішінде айтарлықтай ток соқтыруы ықтимал жоғары кернеу бар. Кез келген тексеріс, бейімдеу жəне 
жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, жергілікті Panasonic делдалына хабарласыңыз.
Штепсель ашасының жеңіл қол жетімділігін тексеріңіз.
CLASS I құрылымды аппарат қауіпсіз жерлік жалғауы бар желілік розеткаға жалғануы керек.
Құрылғымен бірге берілген электр шнурынан басқасын пайдаланбаңыз.
• Керісінше жағдайда өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.
Электр шнурының штепселін байқап барынша терең енгізіңіз.
• Егер штепсель толығымен енбесе, жылу бөлініп, өртке апарып соғуы мүмкін. Егер штепсель немесе розетка 
зақымдалған болса, оларды пайдаланбау керек.
Электр шнурының штепселін ылғал қолмен ұстамаңыз.
• Керісінше жағдайда ток соғуы мүмкін.
Электр шнурын зақымдауы мүмкін əрекеттер жасамаңыз. Электр шнурын ажыратқанда шнурдан емес, 
штепсельден ұстаңыз.
• Шнурды зақымдамаңыз, ешқандай өзгертуге ұшыратпаңыз, үстіне ауыр заттар қоймаңыз, қыздырмаңыз, ыстық 
заттар жанына қоймаңыз, бұрамаңыз, шамадан тыс майыстырмаңыз жəне созбаңыз. Керісінше жағдайда 
өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін. Электр шнуры зақымдалған болса, жергілікті Panasonic делдалына 
жөндеттіріңіз.
Егер  дисплей  алдағы  ұзақ  уақытқа  қолданылмайтын  болса,  электр  шнурының  штепселін  қабырға 
розеткасынан ажыратыңыз.
 Пайдалану барысында ақау пайда болса
Ақау пайда болса (кескін немесе дыбыстың жоғалып кетуі сияқты) немесе дисплейден түтін немесе иіс 
шыға бастаса, электр шнурының штепселін бірден қабырға розеткасынан ажыратыңыз.
• Егер дисплейді осы күйінде пайдалануды жалғастырсаңыз, бұл өртке не ток соғуға алып келеді. Түтін 
шығуы тоқтағанына көз жеткізген соң, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті Panasonic делдалына 
хабарласыңыз. Дисплейді өз бетінше жөндеу аса қауіпті, сондықтан ешқашан оған бармаңыз.
Егер дисплей ішіне бөтен заттар кіріп кетсе, дисплей құлап қалса немесе корпус зақымданса, электр 
шнурының штепселін бірден ажыратыңыз.
• Қысқа тұйықталу орын алуы мүмкін, ол өз кезегінде өртке немесе ток соғуға апарып соғуы ықтимал. Қажетті 
жөндеу жұмыстарын іске асыру үшін жергілікті Panasonic делдалына хабарласыңыз.