Philips Cordless steam iron GC4810/02 GC4810/02 Manuale Utente

Codici prodotto
GC4810/02
Pagina di 222
 
- Су ыдысын толтырар алдында әрқашан желі штепсельдік ұшын 
қабырға розеткасынан ажыратыңыз немесе үтікті қуат блогынан 
алып тастаңыз.
 
- Құралды қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау алған, біреудің 
қадағалауымен қауіпсіз пайдаланылған жағдайда және пайда 
болатын қауіп-қатерлерді ұғынған жағдайда, 8 жасқа толған және 
одан үлкен балалар, сондай-ақ мүмкіндігі мен ойлау қабілеті 
шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз адамдар пайдалана алады.
 
- Балалардың құралмен ойнауына жол бермеңіз.
 
- Құрылғы ыстық және желіге қосулы тұрған кезінде, сондай-ақ 
розеткадан ажыратылғаннан кейін суып жатқан кезде үтікті, 
қондырманы және желі сымын 8 жасқа толған немесе одан кіші 
балалардың қолы жетпейтін жерде ұстаңыз.
 
- Құралды 8 жасқа толған немесе одан үлкен балаларға тек 
қадағалаумен тазалауға және Calc-Clean рәсімін жүргізуге рұқсат 
етілген.
 
- Ток сымын қызып тұрған үтіктің табанына тигізбеңіз. 
 
- Үтікті тек жинақпен бірге берілген қондырмамен қолданыңыз.
Ескерту
 
- Құрылғыны тек жерге қосылған розеткаға жалғаңыз.
 
- Әрдайым қуат сымының зақымдалмағанын тексеріп отырыңыз.
 
- Үтіктің табаны өте ыстық болады, тигізіп алсаңыз, теріңіз күйіп 
қалуы мүмкін.
 
- Үтіктеп болған соң, оны тазалар алдында, су ыдысын толтырар 
немесе босатар алдында және үтікті аз уақытқа қараусыз 
қалдырғанда: бу деңгейін реттегішті «Бусыз» күйге келтіріңіз де, 
үтікті қондырмасына тұрғызып, желі штепсельдік ұшын қабырға 
розеткасынан ажыратыңыз.
 
- Үтік пен оның қондырмасын әрқашан берік, тегіс және көлденең 
бетке қойып қолданыңыз.
 
- Су ыдысына әтір, сірке суын, крахмал, қақ түсіретін, үтіктеуді 
жеңілдететін сұйықтықты немесе басқа химиялық заттарды құюға 
болмайды.
 
- Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған.
Электрмагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық 
стандарттарға сәйкес келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша 
дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми дәлелдерге сәйкес, құрал 
пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.
алғаш қолданар алдында 
1
GC4820 үлгісі үшін: тасымалы қапшықтан босату түймесін
басыңыз.
ҚазаҚша
85