Philips AJB4300W/12 Manuale Utente

Pagina di 22
2
KK
1  Маңызды 
ақпарат
Қауіпсіздік
Абайлаңыз
 
Бұл радио-сағаттың корпусын ешқашан алмаңыз. 
 
Осы радио-сағаттың ешбір бөлігін ешқашан 
майламаңыз.
 
Бұл радио-сағатты ешқашан басқа электр 
құрылғының үстіне қоюшы болмаңыз.
 
Бұл радио-сағатты күн сәулесі тікелей түсетін 
жерлерден, ашық жалыннан немесе қызатын 
жерлерден алыс ұстаңыз.
 
Радио-сағатты қуат көзінен ажырату үшін, қуат 
сымына, ашаға немесе адаптерге әрдайым оңай қол 
жетуін қамтамасыз етіңіз.
•  Мына нұсқауларды оқып, орындаңыз.
•  Желдету үшін өнім айналасында 
жеткілікті бос орын бар екендігін 
тексеріңіз.
•  Әсіресе қуат сымының ашаларын, 
электр розеткаларын және олардың 
радиосағаттан шығатын жерлерін 
басылып немесе қысылып қалудан 
қорғаңыз.
•  Барлық қызмет көрсету жұмыстарын 
білікті қызмет көрсетуші мамандарға 
істетіңіз. Радиосағаттың қуат сымы 
немесе ашасы бүлінген болса, оған су 
тиіп немесе үстіне зат құлаған болса, 
оған жаңбыр немесе ылғал заттар тисе, 
ол дұрыс жұмыс істемей тұрса немесе 
құлап қалған және басқаша бүлінген 
болса, оны жөндеу қажет.
•  Тек өндіруші көрсеткен қосымшаларды/
қосалқы құралдарды қолданыңыз.
•  Найзағай ойнағанда немесе ұзақ уақыт 
қолданылмағанда, осы радиосағатты ток 
көзінен ажыратыңыз.
•  Осы радио-сағат үстіне судың 
тамшылауына немесе шашырауына жол 
беруге болмайды. 
•  Радиосағаттың үстіне қандай да бір қауіп 
көздерін (мысалы, сұйықтық құйылған 
заттар, жағылған шырақтар) қоймаңыз. 
•  Желі істікшесі немесе құралды 
жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде 
қолданылғанда ажырату құрылғысы 
жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
Ескертпе
 
Типтік кесте құрылғының астыңғы жағында.