Philips AJ7050D/12 Manuale Utente

Pagina di 20
11
KK
5  Радио тыңдау
Ескертпе
 
Бұл құрылғыда тек FM радио сигналын қабылдау 
функциясы бар.
Радио станцияға реттеу
Кеңес
 
Оңтайлы қабылдау үшін FM антеннасын түгелдей 
созып, реттеңіз.
 
Антеннаны теледидардан, бейнемагнитофоннан 
немесе басқа радиация көзінен мүмкіндігінше алыс 
қойыңыз.
 
[STEREO] — тюнер режимінің әдепкі параметрі. 
 
Тюнер режимінде [STEREO] және [MONO] 
параметрін ауыстырып қосу үшін OK/ 
 түймесін 
қайталап басуға болады, өшірілгеннің немесе 
басқа ресурстарға қосылғанның өзінде, құрылғы 
параметрді есіне сақтап қалады.
FM режимін таңдау үшін SOURCE 
түймесін қайталап басыңыз.
TUNE+/TUNE- түймесін 2 секундтан 
артық басып тұрыңыз.
 
»
Радио күшті қабылдау сигналы бар 
келесі станцияға автоматты түрде 
реттеледі.
Көбірек станцияларды реттеу үшін 
2-қадамды қайталаңыз.
•  Әлсіз стансаны баптау үшін оңтайлы 
қабылдау сигналы табылғанша 
TUNE+/TUNE- түймесін қайталап 
басыңыз.
Радио станцияларды 
бағдарламау
Радио станцияны сақтау радио станцияларды 
сақтауға және жылдам таңдаулы станцияны 
реттеуге мүмкіндік береді.
Ескертпе
 
Сақтаулылар тізіміне 20 станцияға дейін сақтауға 
болады.
 
Егер алдын ала орнатылған станциялар тізімі толып 
кеткен болса, [PROGRAM FULL] (бағдарлама толы) 
жазуы экранда жылжиды.
 
Егер бос емес орынға радио станция сақталатын 
болса, бастапқы радио станцияны ауыстырылады.
Радио станцияларды қолмен 
бағдарламалау
1. FM режиміне өту үшін SOURCE түймесін 
қайталап басыңыз.
2. Радио станцияға реттеу үшін 
TUNE+/TUNE- түймесін басыңыз.
3. PROG/SCAN түймесін басыңыз.
 
»
Орын нөмірі жыпылықтайды.
4. Ағымдағы радио станцияны таңдалған 
орынға сақтау үшін OK түймесін басыңыз.
Кеңес
 
 Радио станцияны сақтайтын орынды өзгерту үшін 
PRESET +/PRESET - түймесін басыңыз.
Радио станцияларды автоматты 
түрде бағдарламалау
FM режиміне өту үшін SOURCE 
түймесін қайталап басыңыз.
PROG/SCAN түймесін басып тұрыңыз.
 
»
Экраннан [AUTO] (автоматты) 
көрсетіледі. 
 
»
Құрылғы барлық қол жетімді радио 
станцияларды қарап шыға бастайды, 
одан кейін оларды сақтаулылар 
тізіміне сақтайды.
Автоматты қарап шығу аяқталғанша күтіңіз. 
 
»
Сақтаулылар тізіміндегі бірінші 
станциядан хабар автоматты түрде 
таратылады.
Алдан ала орнатылған радио 
станцияны таңдау
Алдын ала орнатылған нөмірді таңдау 
үшін   /   түймесін басыңыз.