Philips SPA7380/12 ユーザーズマニュアル

ページ / 10
2
KK
1  Маңызды 
ақпарат
Қауіпсіздік
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
•  Мына нұсқаулардың барлығын оқып, 
орындаңыз.
•  Өнімге су тамшыламауы немесе 
шашырамауы тиіс және оның үстіне 
құмыралар сияқты сұйықтығы бар 
заттарды қоюға болмайды. 
•  Қуат кірісін толық ажырату үшін өнімнің 
қуат ашасы желіден ажыратылуы керек. 
•  Мақсатты қолданыс кезінде өнімнің қуат 
ашасына кедергі келтірілмеуі немесе 
оған оңай қол жеткізілуі тиіс. 
•  Бұл өнімді күн сәулесі тікелей түсетін 
жерлерден, ашық жалыннан немесе 
басқа қызатын жерден алыс ұстаңыз.
•  Найзағай кезінде немесе ұзақ уақыт 
пайдаланылмайтын кезде өнімді қуат 
розеткасынан суырыңыз.
•  Қуат сымын ажыратқанда, ешқашан 
кабелінен емес, әрдайым ашасынан 
тартып суырыңыз.
•  Тек өндіруші көрсеткен қосымша/
қосалқы құралдарды қолданыңыз.
•  Желі істікшесі немесе құралды 
жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде 
қолданылғанда ажырату құрылғысы 
жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
Есту қауіпсіздігі
Орташа дыбыс деңгейінде тыңдаңыз.
•  Құлақаспаптарды жоғары дыбыс 
деңгейінде пайдалану есту қабілетіңізді 
нашарлатады. Бұл өнім дыбыстарды 
бір минуттан аз тыңдаған қалыпты 
адамның есту қабілетінің жоғалуына 
себеп болатын децибелдің ауқымда 
шығарады. Жоғары децибелдік ауқымдар 
есту қабілеті бұрыннан нашар адамдарға 
ұсынылады.
•  Дыбыс алдамшы болуы мүмкін. Уақыт 
өткен сайын естуге «қолайлы деңгейіңіз» 
жоғары дыбыс деңгейіне бейімделеді. 
Ұзақ уақыт тыңдағаннан кейін 
«қалыпты» дыбыстар қатты естілуі және 
есту органдарыңызға зиянды болады. 
Бұдан қорғану үшін есту органыңыз 
бейімделместен бұрын дыбыс деңгейін 
қауіпсіз деңгейге орнатып, солай 
қалдырыңыз.
Қауіпсіз дыбыс деңгейін орнату үшін:
•  Дыбыс деңгейін реттегішті төмен 
параметрге орнатыңыз. 
•  Дыбысты жақсы және бұрмаланусыз 
анық естігенге дейін баяулап көбейтіңіз.
Бірқалыпты уақыт аралығында тыңдаңыз:
•  Дыбысты ұзақ уақыт, тіпті «қауіпсіз» 
деңгейде тыңдау, есту қабілетінің 
жоғалуына себеп болады.
•  Жабдықты бірқалыпты пайдаланыңыз 
және тиісті үзілістер жасаңыз.
Құлақаспаптарды пайдаланған кезде 
төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
•  Қолайлы дыбыс деңгейінде қолайлы 
уақыт аралығында тыңдаңыз.
•  Есту қабілетіңіз бейімделетіндіктен 
дыбыс деңгейін реттемеңіз.
•  Дыбыс деңгейін қатты ашпаңыз, 
айналаңыздағыны ести алмай қаласыз.
•  Ықтимал қауіпті жағдайларда мұқият 
болыңыз немесе уақытша пайдаланбаңыз. 
Құлақаспапты көлік жүргізгенде, 
велосипед, скейтборд т.б. пайдаланғанда 
қолданбаңыз; апатты жағдай туғызады