Philips BT100M/00 ユーザーズマニュアル

ページ / 20
11
KK
4  Bluetooth құрылғыларын 
пайдалану
Осы динамик көмегімен ойнатқыш дыбысын тыңдауға және Bluetooth арқылы 
қоңырау шалуға болады.
Ескертпе
 
Ешқандай дыбыстық кіріс кабелінің AUX ұяшығына жалғанбағанын тексеріңіз.
 
Philips компаниясы барлық Bluetooth құрылғыларымен үйлесімділікке кепілдік бермейді.
 
Құрылғыны осы жүйемен жұптастырудың алдында Bluetooth үйлесімділігіне арналған 
пайдаланушы нұсқаулығын оқыңыз.
 
Өнім ең көбі 8 жұптастырылған құрылғыны еске сақтай алады.
 
Құрылғыдағы Bluetooth функциясы қосулы екенін және құрылғыңыз барлық басқа Bluetooth 
құрылғыларына көрінетіндей орнатылғанын тексеріңіз.
 
Осы жүйе мен Bluetooth құрылғысының арасындағы кез келген кедергі жұмыс ауқымын 
қысқартуы мүмкін.
 
Кедергі келтіруі мүмкін кез келген басқа электр құрылғысынан алыс ұстаңыз.
Құрылғыны қосу
Жүгірткіні   күйіне ауыстырыңыз.
Bluetooth құрылғысында BT100 құрылғысын іздеңіз.
Құрылғылар тізімінен PHILIPS BT100 құрылғысын таңдаңыз.
•  PHILIPS BT100 құрылғысымен Bluetooth қосылымын орнатуға рұқсат 
сұрайтын хабар шықса, оны растаңыз.
•  Егер құпия сөз сұралса, 0000 мәнін теріңіз, содан соң растаңыз.
 
»
Bluetooth қосылымы орнатылғанда BT100 құрылғысы екі рет 
дыбыстық сигнал шығарады.