Philips DS9860W/10 ユーザーズマニュアル

ページ / 32
3
KK
Ескерту: ЭМӨ директивасына сәйкес 
(2004/108/EC), штепсельдік ұшты қуат 
сымынан ажыратпаңыз.
Ескерту
 
Осы құжат арқылы WOOX Innovations 
компаниясы бұл өнімнің 1999/5/EC 
директивасының негізгі талаптары мен 
басқа да тиісті ережелеріне сәйкес келетінін 
мәлімдейді. Сәйкестік туралы декларацияны 
www.philips.com/support сайтынан 
табуыңызға болады.
WOOX Innovations тікелей рұқсат бермеген 
құрылғыға енгізілген қандайда бір өзгерістер 
немесе түрлендірулер пайдаланушының 
жабдықты пайдалану құқығынан айыруы 
мүмкін.
Philips және Philips Shield Emblem — 
Koninklijke Philips N.V. компаниясының 
тіркелген сауда белгілері және оларды 
WOOX Innovations Limited компаниясы 
Koninklijke Philips N.V. компаниясынан алған 
лицензия бойынша пайдаланады.
Техникалық сипаттамалары ескертусіз 
өзгертіледі. WOOX кез келген уақытта 
бұрынғы жеткізілген жабдықтарды тиісінше 
реттеу міндетінсіз өнімдерді өзгерту 
құқығын өзінде қалдырады.
 
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға 
болатын жоғары сапалы материалдар мен 
бөлшектерден жасалған. 
 
Өнімдегі бұл таңба өнімнің 2012/19/
EU еуропалық директивасы арқылы 
қамтылатынын білдіреді.
  
Өнімдегі бұл таңба өнімде 2013/56/EC 
еуропалық директивасына сай келетін, 
қалыпты тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға 
болмайтын батареялар бар екенін білдіреді.
Электр және электрондық бұйымдар мен 
батареяларға арналған жергілікті жеке 
жинау жүйесінің ережелерімен танысыңыз. 
Жергілікті ережелерді орындаңыз және 
бұйымдар мен батареяларды қалыпты 
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. 
Ескі бұйымдар мен батареяларды қоқысқа 
дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам 
денсаулығына зиянды әсерлер тигізбеуге 
көмектеседі.
Лақтыруға болатын батареяларды тастау
Тасталатын батареяларды шығарып алу үшін 
батареяны орнату тарауын қараңыз.
Батареяларды пайдалану туралы ақпарат:
Ескерту
 
Ағу қаупі: батареялардың тек көрсетілген түрін 
пайдаланыңыз. Жаңа және пайдаланылған 
батареяларды араластырмаңыз. Батареялардың 
әртүрлі брендтерін араластырмаңыз. Полюстерін 
дұрыс қаратыңыз. Ұзақ уақыт пайдаланылмаған 
өнімдерден батареяларды алып тастаңыз. 
Батареяларды құрғақ орында сақтаңыз.
 
Жарақат алу қаупі: аққан батареяларды шығару 
кезінде қолғап киіңіз. Батареяларды балалар мен үй 
жануарларына қол жетімсіз жерде сақтаңыз.
 
Жарылу қаупі: батареяларды қысқартпаңыз. 
Батареялардың қатты қызып кетуін болдырмаңыз. 
Батареяларды өртке тастамаңыз. Батареяларды 
зақымдамаңыз немесе бөлшектемеңіз. Қайта 
зарядталмайтын батареяларды зарядтамаңыз;