Philips BTS7000/10 ユーザーズマニュアル

ページ / 20
10 KK
4  Өніміңізді 
пайдалану
Бұл бөлім қосылған құрылғылардан дыбысты 
ойнату үшін осы өнімнен пайдалануға 
көмектеседі.
Бастау алдында
•  Қысқа бастау нұсқаулығында және 
пайдаланушы нұсқаулығында сипатталған 
қажет қосылымдарды жасаңыз.
•  Бұл өнімді басқа құрылғыларға арналған 
дұрыс көзге ауыстырыңыз.
Дыбыс деңгейін реттеу
Дыбыс деңгейін жоғарылату немесе 
төмендету үшін VOL +/- түймесін 
басыңыз.
•  Дыбысты өшіру үшін   (Дауыссыз) 
түймесін басыңыз.
•  Дыбысты қалпына келтіру үшін 
 (Дауыссыз) түймесін қайтадан 
басыңыз немесе VOL +/- түймесін 
басыңыз.
 
»
Дыбыс ең төменгі деңгейге қойылса, 
динамиктегі ақ ЖШД сәйкесінше 
толық жарықпен және жартылай 
жарықпен жыпылықтайды.
 
»
Дыбыс ең жоғарғы деңгейге 
қойылса, динамиктегі ақ ЖШД екі 
рет жыпылықтайды.
Дыбысты таңдау
Бұл бөлім бейне немесе музыка үшін тамаша 
дыбысты таңдауға көмектеседі.
Көлемдік дыбыс режимі
Көлемдік дыбыс режимдерімен терең дыбыс 
тәжірибесін алыңыз.
Айнала режимін қосу немесе өшіру 
үшін SURR. SOUND ON/OFF түймесін 
басыңыз. 
•  Қосу: айнала тыңдау тәжірибесін 
жасаңыз. 
•  Өшіру: Екі арналы стерео дыбыс. 
Музыканы тыңдау үшін тамаша.
Эквалайзер
Бұл өнімнің жоғарғы жиілік (жоғарғы 
дыбыс жиілігі) және төменгі жиілік (басс) 
параметрлерін өзгертіңіз.
Жиілікті өзгерту үшін TREBLE +/- немесе 
BASS +/- түймесін басыңыз.
 
»
Жоғары дыбыс жиілігі немесе төмен 
дыбыс жиілігі ең жоғарғы деңгейге 
немесе ең төменгі деңгейге 
орнатылса, динамиктегі ақ ЖШД екі 
рет жыпылықтайды.
Төмен дыбыс жиілігі мен жоғары дыбыс 
жиілігін әдепкі параметрлерге қалпына 
келтіру үшін RESET   басыңыз.
Сурет пен дыбысты синхрондау
Егер дыбыс пен бейне синхрондалмаған 
болса, дыбысты бейнеге сай болатындай 
кідіртіңіз.
Дыбысты бейнемен үндестіру үшін 
AUDIO SYNC +/- түймесін басыңыз.
•  AUDIO SYNC + дыбыс кідірісін 
көбейтеді, ал AUDIO SYNC - дыбыс 
кідірісін азайтады.
 
»
Дыбыс кідіру мәні ең жоғарғы 
деңгейге немесе ең төменгі 
деңгейге орнатылса, динамиктегі ақ 
ЖШД екі рет жыпылықтайды.