Philips BT50G/00 ユーザーズマニュアル

ページ / 16
10 KK
7  Ақаулықтарды 
жою
Абайлаңыз
 
Бұл құрылғының сыртқы корпусын шешуші болмаңыз.
Кепілдіктің жарамдылығын сақтау үшін жүйені 
ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. 
Бұл құрылғыны пайдалану кезінде 
мәселелерге кезіксеңіз, қызмет сұраудан 
бұрын төмендегі тармақтарды тексеріп 
шығыңыз. Егер мәселе шешілмесе, Philips веб-
бетіне (www.philips.com/support) өтіңіз. Philips 
компаниясына хабарласқанда, құрылғының 
жақында болуын және үлгі нөмірі мен 
сериялық нөмір көрініп тұруын қамтамасыз 
етіңіз.
Жалпы ақпарат
Қуат жоқ
•  Динамикті зарядтаңыз.
Дыбыс жоқ
 • Қосылған құрылғыда дыбыс деңгейін 
реттеңіз.
 • Bluetooth арқылы дыбысты тыңдағанда 
AUDIO IN ұяшығына дыбыстық кіріс 
кабелі қосылмағанын тексеріңіз.
 • Bluetooth құрылғысының тиімді жұмыс 
ауқымында екенін тексеріңіз.
Динамиктен жауап жоқ
 • Динамикті зарядтаңыз.
Bluetooth құрылғысы туралы
Bluetooth функциясы қосылған құрылғымен 
байланыс орнағаннан кейін дыбыс сапасы 
нашар.
 • Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны 
осы өнімге жақын орналастырыңыз 
немесе олардың арасындағы барлық 
кедергілерді алып тастаңыз.
Жұптастыру үшін құрылғыда [Philips BT50] / 
[Philips BT25] құрылғысы табылмады.
 • PAIRING түймесін үш секундтан көбірек 
басып тұрыңыз, содан кейін әрекетті 
қайталаңыз.
Құрылғыға қосылу мүмкін емес.
 • Құрылғының Bluetooth функциясы 
қосылмаған. Функцияны қосу жолдарын 
құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан 
қараңыз.
 • Бұл өнім басқа Bluetooth функциясын 
қолдайтын құрылғымен қосылып 
қойылған. Бұл құрылғыны ажыратып, 
әрекетті қайталаңыз.
Жұпталған құрылғы тұрақты қосылып, 
ажырайды.
 • Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны 
осы өнімге жақын орналастырыңыз 
немесе олардың арасындағы барлық 
кедергілерді алып тастаңыз.
 • Кейбір құрылғыларда Bluetooth 
қосылымы қуатты үнемдеу мүмкіндігі 
ретінде автоматты түрде ажыратылуы 
мүмкін. Бұл өнімнің бұзылғанын 
білдірмейді.