Philips BT2600A/00 ユーザーズマニュアル

ページ / 18
2
KK
1  Қауіпсіздік
•  Бұл құрылғыны судың жанында 
қолданбаңыз.
•  Радиаторлар, жылытқыштар, пештер 
немесе жылу шығаратын басқа 
құрылғылар (соның ішінде күшейткіштер) 
сияқты жылу көздеріне жақын 
орнатпаңыз. 
•  Тек өндіруші көрсеткен қосымшаларды/
қосалқы құралдарды қолданыңыз.
•  Өнімге сұйықтық тамшыламауы немесе 
шашырамауы тиіс. 
•  Өнімнің үстіне қандай да бір қауіп 
көздерін (мысалы, сұйықтық толтырылған 
заттар, жағылған шырақтар) қоймаңыз. 
•  Батареяны күн сәулесі, от немесе сол 
сияқты шамадан тыс қызудың әсеріне 
ұшыратуға болмайды. 
•  Батарея дұрыс ауыстырылмаса жарылу 
қаупі болады. Дәл сондай немесе соған 
тең түрімен ауыстырыңыз.
•  Батареяларда химиялық заттар болуы 
мүмкін, сондықтан оларды қоқысқа 
дұрыс тастау керек.
Ескерту
 
Кірістірілген батареяны шығарып алу кепілдікті 
жарамсыз етеді және өнімді бұзуы мүмкін.
 
Бұл қызмет көрсету туралы нұсқаулар тек білікті 
қызмет көрсету мамандарына арналған. Ток соғу 
қаупін азайту үшін осыны жасауға біліктілігіңіз 
болмаса, пайдалану нұсқаулығындағы жөндеу 
жұмыстарын жүргізбеңіз.
Ішкі батареяны алу үшін өнімді әрдайым 
кәсіпқой маманға апарыңыз.
 
Ескертпе
 
Қайта зарядталмалы батареяларының зарядтау 
айналымы шектеулі. Батареяның қызмет ету мерзімі 
мен зарядтау кезеңдерінің саны қолданысқа және 
параметрлеріне байланысты әр түрлі болады.
Абайлаңыз
 
Өнімнің сыртқы қабатын алуға болмайды. 
 
Бұл өнімнің ешбір бөлігін майлауға болмайды.
 
Өнімді басқа электр құрылғыларының үстіне қоюға 
тыйым салынған.
 
Бұл өнімді күн сәулесі тікелей түсетін жерлерден, 
ашық жалыннан немесе қызудан алыс ұстаңыз.