Philips BM5C/10 ユーザーズマニュアル

ページ / 22
13
KK
5  Басқа 
мүмкіндіктер
Сыртқы құрылғыны тыңдау
Динамиктегі AUDIO IN DEMO ұясы 
арқылы MP3 ойнатқыш сияқты сыртқы 
дыбыс құрылғысын тыңдауға болады. 
AUDIO IN DEMO ұясы пайдаланылып 
жатқанда топ функциясын қолдану 
мүмкін болмайтынын ескеріңіз.
Ескертпе
 
AUDIO IN DEMO ұясы тек дыбыс көрсетіліміне 
арналған, көп бөлмелі таратуды қолдамайды.
  
Дыбыс кабелін 3,5 мм қосқышпен екі 
ұшынан мыналарға жалғаңыз:
•  динамиктегі AUDIO IN DEMO 
ұясына және
•  сыртқы құрылғыдағы 
құлақаспап ұясына.
Динамикті қосыңыз.
Дыбысты сыртқы құрылғыда ойнатыңыз 
(оның пайдаланушы нұсқаулығын 
қараңыз).
 
»
Динамик AUDIO IN ұясы көзіне 
автоматты түрде ауысады.
Кеңес
 
3,5 мм аудио кабелі ажыратылса немесе аудио 
сигналы анықталмаса, динамик Bluetooth көзіне 
автоматты түрде кері ауысады. Егер динамик топ 
режимінде болса, бұл топпен автоматты түрде қайта 
қосылады.
 
Топтағы негізгі динамик AUDIO IN көзіне ауысқан 
кезде топтағы қосымша динамиктердің негізгі 
динамикпен байланысы жоғалады. Мұндай жағдайда 
топ байланысын жалғастыру немесе динамиктермен 
жаңа топты жасау үшін 3,5 мм аудио кабелін 
ажыратуға болады.
Микробағдарламаны 
жаңарту
Абайлаңыз
 
Динамикті үнемі микробағдарламаны жаңартуға 
арналған айнымалы ток көзіне жалғаңыз. 
 
Микробағдарламаны жетілдіруді аяқтау алдында 
динамик қуатын өшірмеңіз немесе USB жаппай 
сақтау құрылғысын ажыратпаңыз.
Ескертпе
 
USB флешкасы FAT16/32 пішімделгенін тексеріңіз.
PC/Mac компьютерінде www.philips.com/
support торабына өтіңіз.