LG LGV500 ユーザーガイド
47
Bluetooth
Көптеген басқа ұялы телефондардағы сияқты Bluetooth мәзірінен емес,
іске қосылған сәйкес қосымша арқылы деректерді жіберу үшін Bluetooth
мүмкіндігін пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ.
• Bluetooth сымсыз байланыс мүмкіндігі арқылы жіберілген немесе
• Bluetooth сымсыз байланыс мүмкіндігі арқылы жіберілген немесе
қабылданған деректердің жоғалуына, оларды бөтен адамдардың
алуына немесе дұрыс қолданбауына LG компаниясы жауап
бермейді.
• Әрдайым деректерді сенімді және жақсы қорғалған құрылғылармен
бөліскеніңізге және қабылдағаныңызға көз жеткізіңіз. Құрылғылар
арасында кедергілер болса, байланыс арақашықтығы
қысқартылады.
• Кейбір құрылғылар, әсіресе, Bluetooth SIG арқылы сыналмағандары
немесе мақұлданбағандары құрылғыңызбен үйлесімді болмауы
мүмкін.
Bluetooth қосу және планжетті Bluetooth құрылғысымен
жұптастыру
Қосылмай тұрып құрылғыны екінші құрылғымен жұптау керек.
1
Негізгі экранда
Қосымшалар > Қосымшалар қойындысы >
Баптаулар > Bluetooth.
2
Bluetooth функциясын іске қосу үшін Bluetooth қосқышын
басыңыз.
3
Планшетті басқа Bluetooth құрылғыларына көрінетін ету үшін
планшеттің атауының қасындағы құсбелгіні түртіңіз.