LG H955 オーナーマニュアル

ページ / 490
105
Параметрлер
БАТАРЕЯ САҚТАУШЫНЫ ҚОСУ – батарея үнемдегішті
автоматты түрде қосатын батарея зарядының пайыздық
деңгейін орнатады. Дереу, 5% батарея және 15% батарея
опцияларының бірін таңдаңыз.
Анықтама – батарея үнемдегіш мүмкіндігі үшін анықтамалық
ақпаратты көрсетеді.
Зерделі жою
Пайдаланылмайтын қолданбаларды және деректерді басқаруға
мүмкіндік береді.
Қолданбалар
Қолданбаларды көріңіз және басқарыңыз.
Әдепкі хабарлама қолданбасы
Бұл мәзір қажет әдепкі хабар алмасу қолданбасын орнатуға
мүмкіндік береді.
Сақтық көшірме және қайта орнату
Бұл мәзір деректердің сақтық көшірмесін жасауға, деректерді
автоматты түрде қалпына келтіруге және телефондағы барлық
деректерді өшіруге мүмкіндік береді.
Backup my data (Деректерімнің сақтық көшірмесін жасау)
– Google серверіне параметрлер мен қолданба деректерінің
сақтық көшірмесін жасауға мүмкіндік береді.
Сақтық көшірме тіркелгісі – есептік жазбаның сақтық
көшірмесін жасауға мүмкіндік береді.
Автоматты түрде қайта орнату – қолданбаларды құрылғыға
қайта орнатқанда параметрлерді және қолданба деректерін
қалпына келтіруге мүмкіндік береді.