Zanussi OPZA4210X ユーザーズマニュアル

ページ / 68
Күту менен тазалау
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Тазалауға қатысты ескерім
• Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш зат
қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
• Металл беттерін тазалау үшін арнайы
жуғыш затты пайдаланыңыз.
• Құрылғының ішкі жағын пайдаланып
болған сайын тазалап отырыңыз. Май
жиналғанда немесе басқа тағам
қалдығы жиналса, өрт шығуы мүмкін.
• Оңай тазаланбайтын қалдықтарды
арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
• Керек-жарақтарды әр қолданып болған
сайын тазалап, құрғатып отырыңыз.
Шүберекті, жылы су мен жуғыш затты
пайдаланыңыз.
• Тұмшапештің керек-жарағына ластық
тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе
ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Зат
жабыспайтын қаптаманы бүлдіруі
мүмкін.
Тот баспайтын болаттан не
алюминийден жасалған құрылғылар
Тұмшапештің есігін дымқыл
шүберекпен немесе жөкемен
ғана тазалаңыз. Жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
Темір жүн, қышқыл немесе
түрпілі материалдарды
қолданбаңыз, себебі бұндай
заттар тұмшапештің бетіне
нұқсан келтіруі мүмкін.
Тұмшапештің басқару панелін де
осындай сақтық шараларды
орындап тазалаңыз.
Есіктің тығыздағышын тазалау
• Есіктің тығыздағышын уақытылы
тексеріңіз. Есіктің тығыздағышы
тұмшапеш жақтауының айналасында
орналасқан. Есіктің тығыздағышына
нұқсан келсе, құрылғыны
пайдаланбаңыз. Уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Есіктің тығыздағышын тазалау үшін
тазалауға қатысты жапы ақпаратты
қараңыз.
Сөре сырғытпаларын алу және
каталитті панельдерді алу
Тұмшапешті тазалау үшін сөре
сырғытпалары мен каталитті панельдерді
алыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Сөре сырғытпаларын алған
кезде абай болыңыз. Каталитті
панельдер тұмшапештің
қабырғасына бекітілмеген және
сөре сырғытпаларын алған кезде
құлап қалуы мүмкін.
Сөре
сырғытпасының
алдыңғы жағын
қабырғадан тартып
шығарыңыз. Сөре
сырғытпасының
және каталитті
панельдің артқы
жағын екінші
қолыңызбен ұстап
тұрыңыз.
1
2
1
Сырғытпа
жолдардың артқы
жақтарын
қабырғадан ағытып
алыңыз.
2
Сөре сырғытпаларын кері ретпен салыңыз.
Каталитпен тазалау
АБАЙЛАҢЫЗ
Каталитті қаптаманы тұмшапеш
бүріккішімен, түрпілі тазалағыш
заттармен, сабын немесе басқа
жуғыш заттармен тазаламаңыз.
Бұл каталитті қаптаманы бүлдіруі
мүмкін.
www.zanussi.com
17