Zanussi ZOB53811CR ユーザーズマニュアル

ページ / 76
• Бұрылмалы істік
Ет пен құс етінің ірірек кесектерін қуыруға
арналған.
БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
АЛҒАШҚЫ ТАЗАЛАУ
Құрылғыдан керек-жарақтардың барлығын
және алмалы сөре сырғытпаларын алыңыз.
"Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
Құрылғыны және керек-жарақтарды алғаш рет
пайдаланар алдында тазалаңыз.
Керек-жарақтарды және алмалы сөре
сырғытпаларын орындарына қойыңыз.
АЛДЫН АЛА ҚЫЗДЫРУ
Қалған майды күйдіріп жіберу үшін бос
құрылғыны алдын ала қыздырыңыз.
1.
 функциясы мен ең үлкен
температураны орнатыңыз.
2. Құрылғыны 1 сағат қосып қойыңыз.
3.
 түймесін басып, ең үлкен
температураны орнатыңыз.
4. Құрылғыны 15 минут қосып қойыңыз.
Керек-жарақтар бұрыңғыдан да ыстық болып
кетеді. Құрылғыдан иіс және түтін шығады.
Бұл қалыпты жағдай. Бөлме ішіндегі ауаның
жеткілікті түрде ауысып тұрғанына көз
жеткізіңіз.
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ СӨНДІРУ
Құрылғыда шамдардың, қосқыш
белгілерінің немесе
индикаторлардың бар не жоқ
болуы құрылғының үлгісіне
байланысты:
• Құрылғы іске қосылғанда шам
жанады.
• Белгіше арқылы тетіктің
тұмшапеш функцияларын
немесе температураны
басқаратыны көрсетіледі.
• Тұмшапеш қызғанда индикатор
жанады.
1. Тұмшапеш функциясын таңдау үшін
тұмшапеш функцияларының тетігін
бұраңыз.
2. Температураны таңдау үшін температура
тетігін бұраңыз.
3. Құрылғыны сөндіру үшін, тұмшапеш
функциялары мен температура тетіктерін
"сөндіру" қалпына қойыңыз.
ТҰМШАПЕШ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Тұмшапеш функциясы
Қолдану
Сөндіру қалпы
Құрылғы сөндірулі.
6