Zanussi ZWSG7120V ユーザーズマニュアル

ページ / 44
Есік құлыптаулы индикаторы 
 индикаторы есікті қашан ашуға
болатынын көрсетеді:
• Индикатор жанады: есікті ашуға
болмайды.
• Индикатор жыпылықтайды: есік бірнеше
минуттан кейін ашылады.
• Индикаторы сөнеді: есікті ашуға болады.
Параметрлер
Бала қауіпсіздігінің құралы 
Осы функцияның көмегімен балалар
басқару панелімен ойнауға жол бермейсіз.
• Осы функцияны іске қосу/ажырату
үшін Температура және Отжим
түймешіктерін   индикаторы
жанғанша/сөнгенше қатар басыңыз.
Мына параметрді қосуға болады:
• Старт/Пауза түймешігін басқаннан кейін:
функциялар мен бағдарлама тетігі
бұғатталады.
• Старт/Пауза түймешігін баспай тұрып:
құрылғы іске қосылмайды.
Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигналдар мына жағдайларда
қосылады:
• Бағдарлама аяқталғанда.
• Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу үшін 
Остановка полоскания және Супер
Быстрый түймешіктерін 6 секунд қатар
басыңыз.
Егер дыбыстық сигналдарды
сөндірсеңіз, олар құрылғыда
ақау пайда болған кезде қосыла
береді.
Экстра шаю
Осы функцияның көмегімен жаңа
бағдарлама орнатқан кезде қосымша шаю
циклі тұрақты орнатылып тұрады.
• Осы функцияны қосу/сөндіру үшін 
Остановка полоскания және Доп.
полоскание
 түймешіктерін   
индикаторы жанғанша/сөнгенше
қатар басыңыз.
Бірінші қолданғанға дейін
1. Жуу циклының жуғыш затына арналған
бөлікке 2 литр су құйыңыз.
Бұл су төгу жүйесін іске қосады.
2. Жуу циклына арналған бөлікке шамалы
жуғыш зат салыңыз.
3. Мақта матаға арналған бағдарламаны
орнатып, ең жоғары температураға
қойып ешбір кір салмай жуыңыз.
Бұл цикл барабан мен машинаның ішінде
бар болуы мүмкін кірлердің барлығын
кетіреді.
Әркүндік қолдану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Кірді салу
Су құятын шүмекті ашыңыз. Ашаны
розеткаға қосыңыз.
1. Құрылғының есігін ашу үшін есіктің
тұтқасын тартыңыз.
2. Кірді барабанға бір-бірден салыңыз.
3. Кірлерді құрылғыға салар алдында
сілкілеңіз.
10
www.zanussi.com