Zanussi ZWSG7100VS ユーザーズマニュアル

ページ / 60
АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
ЕСКЕРТУ! Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
КІРІСПЕ
Құрылғы жұмысын бастамай жатыр немесе
жұмыс жасап тұрған кезде тоқтап қалады.
Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз
(кестеге қараңыз). Ақаулық жойылмаса,
уәкілетті қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Кейбір ақаулықтарда дыбыстық сигналдар
қосылады және бейнебетте ескерту коды
пайда болады:
 - Құрылғыға су дұрыс құйылмай тұр.
 - Құрылғының суы төгілмей тұр.
 - Құрылғының есігі ашық немесе
дұрыс жабылмаған. Есікті тексеріңіз!
 - Электр желісі тұрақты емес. Электр
желісі тұрақтанғанша күтіңіз.
ЕСКЕРТУ! Тексеріп көру алдында
құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
ЫҚТИМАЛ АҚАУЛЫҚТАР
Ақаулық
Ықтимал шешімі
Бағдарлама басталмай
тұр.
• Ашаның розеткаға қосылғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғы есігінің жабық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Сақтандырғыш қорабындағы сақтандырғышқа зақым
келмегеніне көз жеткізіңіз.
• Бастау/Үзіліс түймешігінің басылғанына көз жеткізіңіз.
• Бала қауіпсіздігінің құралы қосулы тұрса, оны сөндіріңіз (егер
бар болса).
Құрылғыға су дұрыс
құйылмай тұр.
• Су шүмегінің ашық тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың қысымының өте төмен
емес екеніне көз жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су
ресурстары мекемесіне хабарласып алыңыз.
• Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің сүзгісі мен клапанның сүзгілерінің бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз. "Күту менен тазалау" тарауын
қараңыз.
• Су құятын түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына
көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Су төгетін түтіктің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз. Түтік
өте төмен болуы мүмкін.
Құрылғы суы сарқылмай
тұр.
• Раковина түтікшесінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су төгетін түтіктің бұратылып немесе майысып қалмағанына
көз жеткізіңіз.
• Су төгетін түтік сүзгісінің бітеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
Қажет болса сүзгіні тазалаңыз. "Күту менен тазалау"
тарауын қараңыз.
• Су төгетін түтіктің дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.
• Егер су төгетін циклы жоқ бағдарлама орнатылып тұрса, су
төгу бағдарламасын орнатыңыз.
• Аяқталғанда барабан ішінде су қалатын функцияны
таңдасаңыз, су төгу бағдарламасын орнатыңыз.
17