Electrolux EN 93852 JX ユーザーズマニュアル

ページ / 64
4.4 EcoMode
EcoMode функциясын қосу үшін
температура пернесін басқару
панеліндегі LED шамы (EcoMode
белгісінің қасында) жанғанша
басыңыз.
Бұл параметрлер қуатты
барынша аз пайдалануға
және тағамды дұрыс
сақтауға көмектеседі.
4.5 FastFreeze функциясы
Егер жылы тағамды көп мөлшерде
тоңазытқыш бөлікке салу керек болса
(мысалы, дүкеннен келгеннен кейін)
немесе жас тағамды дереу мұздату
үшін мұздатқыштың температурасын
жылдам төмендету қажет болса,
тағамның дұрыс сақталуын
қамтамасыз ету үшін FastFreeze
функциясын қосуды ұсынамыз.
FastFreeze функциясын
температураны 2°C градусқа қойып
қосуға болады.
FastFreeze функциясын температура
пернесін басып сөндіруге болады.
Бұл функция 52 сағаттан
кейін өздігінен тоқтайды.
Бұл функция тоңазытқыш
пен мұздатқыш бөлікке сай
келеді.
4.6 “Есік ашық” ескерту
сигналы
Есік бірнеше минут ашық қалса,
ескерту сигналы беріледі. Есіктің ашық
тұрғаны орнатылған ағымдық
температураның LED индикаторының
жыпылықтауы арқылы көрсетіледі.
Қалыпты жұмыс режимі орнағаннан
кейін (есік жабылғанда) дыбыстық
сигнал өшеді.
4.7 Жоғары температураны
ескерту
Мұздатқыш камераның ішіндегі
температураның жоғарылағаны
(мысалы, электр қуаты өшкенде
немесе есік ашық кезде) орнатылған
ағымдық температураның LED
индикаторының жыпылықтауы арқылы
төмендегідей көрсетіледі.
Ескерту индикаторы
қалыпты жағдай қалпына
келгенше жыпылықтауын
жалғастырады.
5. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
5.1 Жаңа тағамды мұздату
Мұздатқыш бөлік жаңа тағамды
мұздату мен тоңазыған және
мұздатылған тағамдарды ұзақ уақыт
сақтауға жарайды.
Жаңа тағамды мұздату үшін
FastFreeze функциясын,
мұздатылатын тағамды мұздатыш
бөлікке қоярдың алдында, кем дегенде
24 сағат бұрын қосыңыз.
Жаңа тағамды мұздату үшін астыңғы
бөлікке қойыңыз.
24 сағат ішінде мұздатуға болатын
тағамның ең көп мөлшері құрылғының
ішіндегі техникалық ақпарат
тақтайшасында көрсетілген.
Мұздату үрдісі 24 сағатқа созылады:
осы уақыт аралығында мұздатқыңыз
келген басқа тағамды қосып
салмаңыз.
Мұздату үдерісі аяқталғаннан кейін
қажетті температураға қайта
оралыңыз ("FastFreeze Функция"
тармағын қараңыз).
Бұндай жағдайда,
мұздатқыш бөліктің
температурасы 0°C
градустан төмен түсуі
мүмкін. Бұндай жағдай
орын алса, температура
тетігін жылырақ
параметрге қойыңыз.
www.electrolux.com
8