Electrolux EWF 1287 HDW2 ユーザーズマニュアル

ページ / 64
10.11 Есікті ашу
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Егер барабанның ішіндегі
температура мен судың
деңгейі өте жоғары болса
және барабан әлі айналып
тұрса, есік ашылмайды.
Бағдарлама немесе кешіктіріп бастау
жұмыс істеп тұрғанда, құрылғының
есігі бекітіліп, бейнебеттен 
индикаторы көрсетіліп тұрады.
Бағдарлама немесе кешіктіріп
бастау режимі жұмыс істеп тұрғанда
құрылғыны ашу:
1. Құрылғыны кідірту үшін 
түймешігін басыңыз.
2. Есік бұғаттаулы индикаторы 
сөнгенше күтіңіз.
3. Есікті ашыңыз.
4. Есікті жауып, 
 түймешігін қайта
басыңыз.
Бағдарлама немесе кешіктіріп бастау
функциясы жалғасады.
10.12 Бағдарламаның соңы
• Құрылғы автоматты түрде
тоқтайды.
• Дыбыстық сигналдар естіледі (егер
қосулы тұрса).
• Бейнебетте   жанады.
• Бастау/Үзіліс индикаторы сөнеді.
• Есік құлпының 
 индикаторы
сөнеді.
• Есікті ашуға болады.
• Құрылғыдан кірді алыңыз.
Барабанның бос екеніне көз
жеткізіңіз.
• Судың шүмегін жабыңыз.
• Құрылғыны сөндіру үшін AutoOff
түймешігін бірнеше секунд
басыңыз.
• Зең және иіс пайда болмас үшін
есікті сәл ашып қойыңыз.
Жуу бағдарламасы аяқталды, бірақ
барабанда су тұр:
• Кір мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
• Есік бұғаттаулы 
 индикаторы
жанып тұр. Есік құлыпталып
тұрады.
• Есікті ашу үшін суды төгу керек.
Суды төгу үшін:
1.
 түймешігін басыңыз.
Құрылғы суды төгеді де, айналдыру
кезеңін орындайды.
2. Құрылғыны суды ғана төгетін етіп
баптау үшін 
 параметрін
орнатыңыз. Қажет болса,
айналдыру жылдамдығын
азайтыңыз.
3. Бағдарлама аяқталып, есік
бұғаттаулы индикаторы 
көрінбей кеткенде есікті ашуға
болады.
4. Құрылғыны сөндіру үшін AutoOff
түймешігін бірнеше секунд
басыңыз.
Құрылғы шамамен 18
сағаттан кейін суды
автоматты түрде төгеді
және айналдырады (Жүн
мата бағдарламаларынан
басқа бағдарламаларда).
10.13 AUTO OFF функциясы
AUTO OFF функциясы қуатты аз
қолдану үшін келесі жағдайларда
құрылғыны автоматты түрде сөндіреді:
• Құрылғыны 
 түймешігін басар
алдында 5 минут пайдаланбасаңыз.
Құрылғыны қайта іске қосу үшін 
түймешігін басыңыз.
• Жуу бағдарламасы аяқталғаннан
кейін 5 минут өткен соң
Құрылғыны қайта іске қосу үшін 
түймешігін басыңыз.
Бейнебетте соңғы орнатылған
бағдарламаның соңы көрсетіледі.
Жаңа циклді орнату үшін
бағдарлама тетігін бұраңыз.
ҚАЗАҚ
19