Polaris PIR 2258 AK Сиреневый ユーザーズマニュアル

ページ / 31
25 
 
3. 
Буды қарқынды шығару тетігі – «бу соққысы» 
4. 
Суды бүрку құрылғысының тетігі 
5. 
Бу шығаруды реттегіші  
6. Қызу индикаторы  
7. 
Электр сымның қорғанысы 
8. 
Суға арналған резервуар 
9.Температураның реттегіші
 
10. 
Өздігінен тазарту тетігі 
11. 
Үтіктің керамикалық табаны 
 
Жинақталуы 
 
1.  Құрал 
2.  Суға арналған тостақ 
3.  Пайдаланушының нұсқаулығы 
4.  Қызмет көрсету орталықтарының тізімі 
5.  Кепілдік талоны 
 
Жұмысқа дайындау 
 
Барлық орама материалдарын алыңыз. 
 
Үтік табанынан қорғаныс пленкасын абайлап алыңыз.  
 
Құралда көрсетілген кернеудің  көрсеткіші желідегі кернеуге сәйкестігіне көз жеткізіңіз.  
 
Үтікті  өндеу  барысында  пайда  болған  шаң–тозаң  саңылауға  түсіп  кетуі  мүмкін,  ол  шаң-
тозаң матаны бүлдірмес үшін,  жұмыстық қабатты  тазартыңыз. 
 
Үтікті алғаш рет пайдаланар алдында жұмыстық қабаттың жеткілікті түрде таза екендігіне 
көз жеткізу үшін, алдымен керексіз шүберекті үтіктеңіз. 
 
Үтіктің  кейбір  бөліктері    өндеу  барысында  майланады,  сондықтан,  алғаш  қосқан  кезде 
үтіктен  түтін  шығуы  мүмкін.  Пайдалануды  бастағаннан  кейін  біраз  уақыт  өткесін,  түтін 
шығуын қояды. 
 
Құралды пайдалану 
 
Температураны таңдау 
 
 
Үтіктейтін бұйымыңыздың затбелгісіндегі  жазуды  оқыңыз.  
 
Егер  затбелгіде  үтіктеу  бойынша  ешқандай  нұсқау  болмаса,  және  Сіз    матаның  түрін 
белсеңіз, төменде келтірілген  кестеге қараңыз.  
 
Кесте  тек  қана      маталар  үшін  жарамды  және    бұйымның    әшекейлері  үшін  жарамайды 
(бүрмелер,  жарқыраған  тігістер  және  т.б.).  Түрлі  әшекейлері  бар  бұйымды    төменгі 
температурада үтіктеуге кеңес береміз. 
 
Алдымен    бұйымды  матаның  түрі  бойынша  сұрыптаңыз:  жүн  матаны  жүнмен,  мақта 
матасын мақтамен және т.б.. 
 
Егер  бұйым  матаның  бірнеше  түрінен  жасалған  болса,    осы  қоспалары  үшін  минималды 
температураны  таңдаңыз.    (Мысалы,  бұйымның  60%  полиэстерден  және      40%  мақта 
матасынан тұрады: үтіктеу үшін синтетикалық маталарға арналған  қалпы алынады, үтіктеу 
барысы бусыз атқарылады). 
 
Егер сіз бұйымның құрамын білмесеңіз, киген кезде көзге түспейтіндей жерін таңдап алып, 
сәйкес келетін  температуралық режимін таңдап  үтіктеп көріңіз. 
 
Кестеде көрсетілген бір мәліметке  сәйкес  термореттегіштің белгісінің бірін таңдаңыз. 
Нейлон немесе  ацетатты маталар  (nylon and acetate) - 
Жүн, жібек немесе  аралас маталар. (wool ,silk or mixtures) - 
**
 
Мақта немесе   зығыр (cotton or linen) -
 
***