Polaris PMG 1806 хром ユーザーズマニュアル

ページ / 27
 
21 
 
Құралдың қозғалып тұрған бөлшектерін  ұстамаңыз. 
 
Пышақпен жұмыс істегенде абай болыңыз – ол өте өткір. 
 
Балалардың құралмен ойнауына жол бермеңіз. 
 
Іске қосылған құралды қараусыз қалдырмаңыз. 
 
Құралды тасымалдағанда оны екі  қолмен ұстау  керек. Алынбалы  науадан немесе Алынбалы  
жұмысшы блогынан ұстап,  құралды  тасымалдауға болмайды. 
 
«Кеббе» қондырмасын  пайдаланғанда  пышақ пен торшаларды орнатпайды. 
 
Тағамдарды ешқашан қолмен тықпалауға болмайды. Итергішті пайдаланыңыз. 
 
Ет бітеліп тұрып қалмас үшін, оны қатты баспаңыз және «реверс»  функциясын қолданыңыз.  
 
Құралға тағамдарды артық салуға болмайды. 
 
Еттартқышты  3  минуттай  ғана  үздіксіз  пайдалануға  болады  және  моторды  суыту  үшін  30-
минуттық үзіліс жасау қажет.  
 
Еттартқыш жұмыс істеп тұрғанда сыртқы беттегі желдеткіш саңылауды  көлегейлемеңіз және  
еттартқышты  жұмсақ қабатқа қоюға болмайды. 
 
Егер қозғалтыштың  қатты қызып кетуінен қорғайтын қорғаныс жүйесі   іске қосылса,  әбден 
суығанша, құралды қосуға болмайды.  
 
Бөлшектерді  өз  бетіңізбен  ауыстыруға  немесе  құралды  жөндеуге  болмайды.    Құралда  ақау 
пайда болса Қызмет көрсету  орталығына көрсетіңіз. 
 
Жұмыс  аяқталғаннан  кейін  құралды  бөлшектеуге  кіріспес  бұрын,  құралдың  сөніп  тұрғанына, 
электр желісінен ажыратылғанына және қозғалтқыштың тоқтағанына көз жеткізіңіз.  
 
Пайдалану саласы 
Құрал  осы  Нұсқаулыққа  сәйкес,  тек  қана    тұрмыста  қолдануға    арналған.  Құралды  өнеркәсіптік 
мақсатта  пайдалануға болмайды.  
Өндіруші осы нұсқауда қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаған жағдайдың нәтижесінде 
туындаған  залал үшін жауапты емес. 
 
Құралдың сипаттамасы