Redmond RCM-1508 S SkyCoffee ユーザーズマニュアル

ページ / 32
21
KAZ
RCM-1508S
Аспаптың құрылымы 
A1
1.  Жарық-диодты индикатормен «I/0» ажыратқыш
2.  Суға арналған резервуар
3.  Құрал қақпағы  
4.  Су беруге арналған түтік
5.  Сүзгіні ұстағыш
6.  Кофеге арналған құман
7.  Құманды қыздыруға арналған металл пластина
8.  Электр сымы
I.   ПАЙДАЛАНА БАСТАУ АЛДЫНДА
Бұйым мен оның құрамдастарын қораптан абайлап шығарыңыз. 
Барлық орау материалдары мен жарнамалық жапсырмаларды 
алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш 
(бар болса) және бұйымның сериялық нөмірі бар кестешені 
орнында міндетті түрде сақтаңыз! Бұйымда сериялық 
нөмірі жоқ болса, кепілдік қызмет көрсету құқығынан авто-
матты түрде айырыласыз.
Тасымалдау немесе төмен температураларда сақтаған соң 
аспапты қосар алдында кем дегенде 2 сағатқа бөлме тем-
пературасында ұстау керек.
Электр бауды толық жайыңыз. Аспап корпусын ылғал матамен 
сүртіңіз. Шешілмелі бөлшектерді сабынды сумен жуыңыз, ас-
паптың барлық элементтерін электр желіге қосаралдында 
мұқият кептіріңіз.
Аспапты өндіру және сақтау кезінде туындайтын ықтимал 
бөтен иіс пен шаңнан тазарту үшін, сондай-ақ аспапты 
залалсыздандыру үшін су резервуарын максималды деңгейге 
бейін толтырып, алмалы-салмалы сүзгішті қоймай және 
кофені сеппей, кофе қайнатқышты қоссын. Кофе құмырасы-
на су беру тоқтатылған кезде, құтыдан суды төгіп, аспап-
ты ағытыңыз.  
II.   ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
Ready for Sky технологиясы 
Ready for Sky технологиясы планшет немесе смартфонның көме-
гімен бір атауы бар бағдарлама-қолданба арқылы құралды 
қашықтықтан басқаруға мүмкіндік береді.
1.  Өзіңіздің планшетіңізге немесе смартфоныңызға (қол-
данылатын  құрылғының  операциялық  жүйесіне  бай-
ланысты) App Store немесе Google Play қосымшалар дүке-
нінен Ready for Sky қосымшасын жүктеңіз.
2.  Ready for Sky қосымшасын іске қосыңыз, аккаунтты жасаңыз 
және экрандағы көмекші сөздерді орындап отырыңыз.
3.  Резервуарда судың жоқ екенін көз жеткізіңіз. Аспапты электр 
желіге  қосыңыз,  кофе  қайнатқышты  күту  режіміне 
ауыстырып («0» күйіне «I/0» ағытқышы), оны 45° бұрышпен 
сол жаққа еңкейтіп, аспап қысқа дыбыс сигналын береді. 
Кофе қайнатқышты үш қысқа дыбыс сигналына дейін көл-
беу күйде ұстап тұрыңыз. Аспапты бастапқы күйге қай-
тарыңыз, синхронизациялау үдерісі басталады.  Синхрони-
зациялау кезінде қысқа дыбыс сигналдары шығатын болады. 
Қосылысты орнатқаннан кейін аспап күту режіміне өтеді.
Егер 10 секунд бойы қосылыс орнатылмаған болса, аспап 
күту режіміне өтеді күту режіміне өтеді.