Philips HR 1374/90 ユーザーズマニュアル

ページ / 156
Қауіпті
 
- Мотор бөлігін суға немесе басқа да сұйықтыққа ешқашан 
батырмаңыз, сондай-ақ, оны ағынды судың астында жууға 
болмайды. Мотор бөлігін ылғал шүберекпен тазалаңыз.
Ескерту
 
- Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген кернеудің жергілікті 
ток көзінің кернеуіне сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
 
- Егер құралдың шанышқысы, сымы немесе құралдың өзге бөлшегі 
зақымдалса, құралды қолданбаңыз.
 
- Егер ток сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін 
оны тек Philips компаниясы ұсынған қызмет орталығында сол 
компанияның жабдықтарымен және соған сәйкес білімі бар маман 
алмастыру керек.
 
- Құралды қадағалаусыз қосып қоюға болмайды.
 
- Бұл құрал физикалық, сезімталдық немесе ақыл-ой қабілеттері 
төмен адамдардың (оның ішінде балалар), тәжірибесі және білімі 
жоқ адамдардың қолдануына арналмаған, олардың қауіпсіздігіне 
жауап беретін адам оларға жетекшілік етіп, құралды қалай қолдану 
керектігін түсіндіруі тиіс.
 
- Балаларды бақылап, олардың құралмен ойнамауын қадағалыныңыз.
 
- Пышақтың өткір жүзіне тиіп кетпеңіз, әсіресе аспап электр 
жүйесіне қосулы тұрған кезде. Жүзі өте өткір!
 
- Егер пышақтарға тамақ тұрып қалса, пышаққа тұрып қалған 
ингредиенттерді алып тастамас бұрын, құралды тоқтан 
ажыратыңыз.
абайлаңыз
 
- Міндетті түрде аспапты өшіріңіз және оны қосымша бөлшектерін 
ауыстырар алдында немесе қолдану кезінде аспаптың жылжығыш 
бөлшектеріне жақындар алдында қоректену көзінен ажыратыңыз.
 
- Бұл құрал тек үйде қолдануға жасалған.
 
- Кестеде көрсетілген мөлшер мен дайындау уақытынан асырмаңыз.
 
- Бір шайқағанда бір мөлшерден артық шайқамаңыз. Шайқауды 
жалғастырар алдында, құралды бөлме температурасына дейін 
суытып алыңыз.
 
- Шу деңгейі: Lc= 70 dB(A)
ҚазаҚша
62