Polaris PWP 4013 CL ユーザーズマニュアル

ページ / 35
 
25 
 
 
 
Құрал  суға  түсіп  кеткен  жағдайда,  оны  бірден  желіден  ажыратыңыз.    Және  бұл  кезде 
қолды  суға  малуға  болмайды.  Құралды  екінші  мәрте  пайдаланудың  алдында  оны  білікті 
маман тексеріп шығуы керек.  
 
Құралды тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың желіде 
қолданылатын кернеуге арналғанына  көз жеткізіңіз.  
 
Құралды    тек  қана  жерге  тұйықталған  желіге  ғана  қосады.  Сіздің  қауіпсіздігіңізді 
қамтамасыз ету үшін  жерге тұйықтау  бекітілген электротехникалық  нормаларға сәйкес 
келуі  тиіс.  Қоректендірудің  стандартты  емес  көздерін  немесе  қосу  құрылғыларын  
пайдалануға болмайды. 
 
Ұзартқышты  қолданғанда оның  жерге тұйықталғандығына  көз жеткізіңіз. 
 
Кез  келген  ақау  бола  тұра  құралды  іске  қосу  Сізді  кепілдікті  қызмет  көрсету  
құқығынан айырады. 
 
Құралдың  сүйiр  бұрыштарға  соғылуынан  сақтаңыз.    Пайдаланып  болғаннан  кейін, 
тазартқанда немесе құрал сынып қалса  әрдайым  желіден ажыратыңыз. 
 
Құралды    желілік  сымынан  ұстап  тасымалдауға  болмайды.  Сондай-ақ,  желілік  сымнан 
ұстап    желіден  ажыратуға  тиым  салынады.  Құралды    желіден  ажыратқанда  штепсель  
ашасынан ұстаңыз.   
 
Жинағына кірмейтін қосымша аксессуарларды пайдалану Сізді кепілдікті қызмет көрсету 
құқығынан  айырады.  
 
Пайдаланып болғаннан кейін,  электрмен қоректендіру сымын құралды айналдыра орауға 
болмайды,  себебі,    уақыт  өте  келе  бұл  сымның    үзілуіне  әкеп  соғуы  мүмкін.    Қашанда 
сақтау үшін сымды  жақсылап тарқатыңыз. 
 
Қоректендіру  сымы  ақауланғанда    арнайы  сыммен  немесе  дайындаушының  өкілінен 
алынған жинақпен алмастыру қажет.   
 
Құралды  өз  бетіңізбен  жөндеуге  болмайды.  Жөндеуді  қызмет  көрсету  орталығының  
білікті мамандары ғана жүзеге асыруы керек.  
 
Құралды  жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы  бөлшектер  пайдаланылады. 
 
Осы құралдың  қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар 
 
Термос-шәйнекті тек қана  суды жылыту үшін қолданыңыз. Құралды  басқа сұйықтықпен  
ешқашан толтырмаңыз. 
 
Күйіп қалмас үшін ыстық суы бар термос-шәйнекті еңкейтпеңіз. 
 
Термос-шәйнекті ешқашан судың  максималды деңгейінен асыра  толтырмаңыз, қақпақты 
абайлап жабыңыз. 
 
Бу шығатын саңылауды жаппаңыз және оны ұстамаңыз.  
 
Ыстық  суды  құйған  кезде  термос-шәйнекті  еңкейтпеңіз,  қайнап  жатқан  суды  құймаңыз,  
қақпағын ашпаңыз. 
 
Өрт қаупін тудырмас үшін электр сымын таза ұстаңыз. 
 
Күйіп  қалмас  үшін    жұмыс  істеп  тұрған  құралды  ұстамаңыз.  Балалардың  жұмыс  істеп 
тұрған құралды ұстауына жол бермеңіз. 
 
Ыстық  су  құйылған  құралды  тасымалдағанда  абай  болыңыз,    бұл  үшін    тұтқасынан 
ұстаңыз. 
 
Қашанда  желілік  кабельді    алдымен  құралға,  содан  кейін  розеткаға  қосыңыз.    Құралды 
сөндіргенде  әрдайым  желілік  кабельдің  ашасын    алдымен  розеткадан  суырыңыз,  содан 
кейін құралдан   аласыз.   
 
Құралды  тазартар  алдында,  құралды  ұзақ  уақыттай  пайдалануды  жоспарламаған  кезде, 
желілік кабельді  розеткадан суырып, құралды суытып, суын төгіңіз.