Philips HR 1869/00 Avance ユーザーズマニュアル

ページ / 130
51
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips 
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді  
www.philips.com/welcome веб-бетінде тіркеңіз. 
Шырын сыққыш шырын мөлшерін көбейтіп, тазалау жұмысын азайту мақсатында жасалған. Ол 
алуан түрлі көкөніс, жеміс-жидектердің шырынын алып, рецептердің көп түрін сеніммен қолдану 
мүмкіндігін береді. 
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
1  Итергіш
2  Азық салатын түтік
3  Қақпақ
4  Сүзгі
5  Шүмегі бар шырын жинағыш
6  Ұлпа терезесі
7  Ұлпа жиналатын ішкі ыдыс
8  Жетек вал
9  Бекіту тетігі
10  Мотор бөлігі
11  Басқару тұтқасы
12  Қуат сымын сақтау бөлімі
13  Алынатын түтік
14  Шүмек қосымшасы
15  Шырын құмырасы
16  Көбік бөлгіші бар шырын құмырасының қақпағы
Маңызды
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығып, болашақта 
анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
 
- Моторды суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға да, ағын сумен шаюға да болмайды.
 
- Моторды ыдыс жуғыш машинада жумаңыз.
Абайлаңыз
 
- Құрылғыны қосар алдында, оның негізінде көрсетілген кернеу жергілікті кернеу мөлшеріне 
сәйкес келетінін тексеріп алыңыз.
 
- Егер ток сымы, штепсельдік ұшы немесе басқа бөлшектері зақымдалған болса, құралды 
қолданбаңыз.
 
- Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек Philips компаниясында, 
Philips мақұлдаған қызмет орталығында немесе білікті мамандар ауыстыруы керек.
 
- Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану 
нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ 
білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.
 
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
 
- Құралды қадағалаусыз қосып қоюға болмайды.
 
- Сүзгіде сызаттар немесе басқа зақым байқалса, құралды әрі қарай қолдануға болмайды. 
Жақын жердегі Philips қызмет орталығымен байланысыңыз.
 
- Құрал жұмыс жасап тұрған кезде, еш уақытта азық салатын түтікке саусақтарыңызды немесе 
басқа затты салмаңыз. Ол үшін итергішті ғана қолданыңыз.
 
- Сүзгінің негізінде орналасқан кесетін кішкене пышақтарға қолыңызды тигізбеңіз. Олар өте өткір.
Қ
азаҚша