Electrolux ERT 1501 FOW3 ユーザーズマニュアル

ページ / 60
6.6 Мұздатылған тағамды
сақтау бойынша кеңес
Құрылғының барынша жақсы жұмыс
істеуін қамтамасыз ету үшін мына
әрекеттерді орындау керек:
• сатушының мұздаған қалпы
сатылатын тағамдарды тиісті түрде
мұздатқанына көз жеткізіңіз;
• мұздатылған тағамдарды дүкеннен
мұздатқышқа барынша аз уақыт
ішінде жеткізіңіз;
• егер аса қажет болмаса есігін жиі
ашпаңыз немесе ұзақ уақыт ашып
қалдырмаңыз;
• мұздап тұрған тағамды жібіткеннен
кейін сапасы дереу түсе бастайды
және оны қайта мұздатуға
болмайды;
• тағамды өндіруші көрсеткен
жарамдылық мерзімінен артық
уақыт сақтамаңыз.
7. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
7.1 Жалпы ескертулер
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Қандай да бір жөндеу
жұмысын орындау
алдында, құрылғыны
сөндіріңіз.
Құрылғының
салқындатқыш жүйесінде
көмірсутек бар; жөндеу
және оны қайта толтыру
жұмыстарын тек уәкілетті
маман ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғының керек-
жарақтары мен
бөлшектерін ыдыс жуғыш
машинамен жууға
болмайды.
7.2 Мерзімді тазалау
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Камераның ішіндегі түтікше
немесе сымдардың
ешқайсысын тартуға,
қозғауға немесе бүлдіруге
болмайды.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Салқындатқыш жүйені
бүлдіріп алудан
сақтаныңыз.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Корпусты жылжытқан
кезде, еденді сызып кетпес
үшін алдыңғы жағынан
көтеріңіз.
Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:
1. Құрылғының іші мен керек-
жарақтарын, аздап бейтарап
сабын қосылған жылы сумен
жуыңыз.
2. Есіктің тығыздағыштарын
уақытылы тексеріп, қоқыстарын
тазалап отырыңыз.
3. Шайыңыз да, жақсылап
құрғатыңыз.
4. Егер қол жетімді болса,
құрылғының артында орналасқан
конденсат құрылғысы мен
компрессорды шөткемен
тазалаңыз. 
Желдеткіш торды бұлай тазалау
құрылғының жұмысын жақсартып,
электр қуатын тұтынуды азайтуға
көмектеседі.
7.3 Тоңазытқыштың мұзын
еріту
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса,
қырау тоңазытқыш камерадағы
www.electrolux.com
10