Electrolux ERT 1501 FOW3 ユーザーズマニュアル

ページ / 60
Осы ауқымнан тыс
пайдаланған кезде кей
үлгілерде кейбір
функциональдық ақаулар
пайда болуы мүмкін. Дұрыс
температура ауқымында
пайдаланғанда ғана
жұмыстың дұрыс
болатынына кепілдік
беріледі. Құрылғыны
орнататын жерді дұрыс
анықтай алмасаңыз,
сатушыға, сатып алушыға
қызмет көрсету немесе
жақын жердегі уәкілетті
қызмет көрсету
орталығына
хабарласыңыз.
9.2 Тіктеп орнату
Құрылғыны орналастырған кезде
орнықты болуын қадағалаңыз. Оны
алдының төменгі жағындағы реттемелі
екі аяғының көмегімен орнықты етуге
болады.
Егер құрылғыны тұрғыға орнатсаңыз:
1. Есіктің топсасының бұрандасын
босатыңыз.
2. Корпустың ішіндегі жұмыртқа
қойғыштар салынған қалтадан
алған бұранданы бұраңыз.
9.3 Орналасуы
Құрылғыны электр
желісінен ағытатындай етіп
орналастыру керек;
сондықтан оны
орнатқаннан кейін оның
ашасы қол оңай жететін
жерде тұруға тиіс.
Құрылғыны радиаторлар, бойлерлер,
тура түскен күн жарығы сияқты жылу
көздерінен мүмкіндігінше алыс орнату
қажет. Құрылғының артқы жағында
ауаның еркін айналы тұруын
қамтамасыз етіңіз. Құрылғы жақсы
жұмыс істеуі үшін, егер құрылғы
қабырғаға ілулі заттың астына
қойылса, құрылғының үсті мен
қабырғаға ілулі заттың арасында кем
дегенде 100 мм орын қалуға тиіс.
Дегенмен, ең жақсысы, құрылғыны
қабырғаға ілінетін заттың астына
қоймаған дұрыс. Құрылғы корпусының
астындағы бір немесе бірнеше аяғын
реттеу арқылы оны бір деңгейлеп
орнатуға болады.
100 mm
15 mm
15 mm
9.4 Есіктің ашылатын жағын
өзгерту
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Қандай да бір жұмысты
іске асырмас бұрын ашаны
электр розеткасынан
суырыңыз.
ҚАЗАҚ
15