Electrolux ESF 9420 LOW ユーザーズマニュアル

ページ / 56
8. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Тетікті бағдарлама таңбасы
орнатқыңыз келген бағдарламаға
келгенше бұраңыз. Бағдарламаны
салынған заттар мен олардың
ластану деңгейіне қарай дұрыс
орнатыңыз.
• Тұз индикаторы қосулы тұрса,
тұз сауытын тұзға толтырыңыз.
3. Себеттерді толтырыңыз.
4. Жуғыш заттан қосыңыз.
5. Бағдарламаны бастаңыз.
8.1 Жуғыш затты қолдану
30
20
A
B
D
C
20
30
B
A
D
C
1. (B) босату түймешігін басып,
қақпақты (C) ашыңыз.
2. Ұнтақ немесе таблетка түріндегі
жуғыш құралды (A) бөлігіне
салыңыз.
3. Егер бағдарламаның алдын ала
жуу циклі бар болса, (D) бөлігіне
жуғыш заттан аздап салыңыз.
4. Қақпақшаны жабыңыз. Босату
түймешігінің бекіту қалпына
қойылғанына көз жеткізіңіз.
8.2 Аралас жуғыш
таблеткаларды қолдану
Тұз және шайғыш заты бар
таблеткаларды қолданғанда, тұз
сауыты мен шайғыш зат сауытын
толтырмаңыз.
1. Су жұмсартқышты ең төмен мәнге
қойыңыз.
2. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін
ең төмен мәнге қойыңыз.
8.3 Бағдарламаны орнату
және бастау
Бағдарламаны бастау
1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғы есігін жабыңыз.
3. Тетікті бағдарлама таңбасы
орнатқыңыз келген бағдарламаға
келгенше бұраңыз.
• Қосу/сөндіру индикаторы
жанады.
• Бастау индикаторы
жыпылықтай бастайды.
4. Start түймешігін басыңыз.
• Бағдарлама басталады да, жуу
циклының индикаторы жанады.
• Қосу/сөндіру индикаторы мен
бастау индикаторы қосулы
тұрады.
Кешіктіріп бастау функциясы
бар бағдарламаны бастау
1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2. Delay түймешігін бағдарламаны 3
сағатқа кешіктіріп бастау үшін
басыңыз.
Кешіктіріп бастау индикаторы жанады.
3. Start түймешігін басыңыз.
Бастау индикаторы жанады.
Кері санақ аяқталған кезде,
бағдарлама басталады.
www.electrolux.com
12